Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
:Тіл – а тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995),Тіл саясаты туралы тұжырымдама(1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995),Тіл саясаты туралы тұжырымдама(1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.