1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .
Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.
Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.
Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі әрине біздің жастардың қолында.
Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің көз алдыма алтын пырақты елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк байрағымыз, құлағымызда әуелеген әнұранымыз келеді. Біз тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі Елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.
Амал достық дегеніміз- достықтың шындыққа ұласқан түрі, оны айыру қиын, мүмкін емес деп те айтуға болады. Өкінішке орай, оны білдіртпегенше дейін, біле алмаймыз,амал достық қазіргі кезде көбіне кездеседі.
Сондықтанда қазіргілердің көзқарасы бойынша адамдар бір-біріне сенуден қалған. Сенгісі келсе де, ішінде бір күмән тұрады. Сол себепті де, достық ұғымының ауқымы тарылған деседі. Қалай десек те, достыққа берік, досы көп жандар да бар. Ұзақ достық қалай басталады дегенге келер болсақ, ол бала кезден басталады десек қателеспейміз. Ескі доспен кездескен кезіңізде, есіңіз шығып қуанатыныңызды еске түсіріп көріңіз. Расында, ескі достар, сол бала кезде бірге ойнап, бір күлген бал күндердегі жолдасыңыз. Ескі дос һәм жаңа дос деп бөлуіміздің өзінде күдік жатқан жоқ па?
Достыққа адалдық керек. Оған адал болам десеңіз, өзіңіз дос бола біліңіз. Ең бастысы – сенім. Досыңызға өзіңізге сенгендей сеніңіз. Сыйлы болыңыз. Жақсы көріңіз. Сенім бар жерде ұлы достық бар. Оның арты өмірлік сыйластыққа ұласады