помагите☹️ 2-тапсырма. Сөйлемді көшіріп жазыңдар. Көмекші етістіктердің қандай
грамматикалық мағына беріп тұрғанын және негізгі етістікпен қандай
қосымшалар арқылы байланысып тұрғанын көрсетіңдер.
1. Сайлаушы тере жұрт көзіне шешілмейтін бір жұмбақ болып
қалды. 2. Егер көңілді кірбің ой ба бүгін Əбіш атқа мініп ап,
ағындап шапқылар еді, әлденеге, әлдекімге душар болуды іздер
еді. 3. Ұлын үшін сені айыптай алмаймыз. 4. Көкейдегі арманын
айта білгенде ғана, мұрат-мақсаттарын көркем кестелегенде ғана
ақынның бедел-абыройы арта түспек. 5. Бұл жердің жайын біле
бермейтін адамдарға орталықтан шалғай жатқан ауыл сүлбесі тым
көңілсіз болып кeрінетін. 6. Алматы көктемінің салқындау ауа райы
екі-үш күннен бері маужырап тұр. 7. Ұзын тұмсықты, қара қоңыр
құстар көгілдір айдынды қақ жарып, жағаға қарай қиқулап жүзіп
келеді.
Ел намысы – ер намысы
«Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.
Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.
Объяснение: