Пкірлер» парағы әдісі. 1-тапсырм. Интонация, кідіріс, логикалық екпін түсетін тұстарын ажыратыңдар. «Досым, сүйікті досым!» Шын жүректен қадірлеп, жақсы көрген адамыңа хат жазсаң, яғни сағына тіл қатсаң, осы сөз кеп аузыңа түседі. Бұл сенің өзегіңді жарып шығады. Ең жақсы, ыстық сезімді бейнелейтін осы бір сөз қандай мағыналы, қандай асыл еді дейсің! Шынында, достасу, досың болу – өміріңнің қызығы ғой. Жолдасы, досы жоқтың өмірі еш. Жалғыздықтың күні қараң. Достық – шынайы асыл сезім. Достық сезімге көтерілу адамгер- шілік жақсы қасиеттерге, кіршіксіз махаббатқа бөлену екенін сен жақсы білесің, оқушы! Достық жүрген жерде жалған сезімге орын жоқ . Жеке адамдар арасында болатын достықтың биік мұнарасы да Маркс пен Энгельстің достығы. Маркс пен Энгельстің ұзақ жыл бойы бірлесіп еңбек еткені, бір тұрмаған жағдайда күнбе-күн хат арқылы хабар үзбегені, олардың бір-біріне деген достық қамқорлығы тарихта аңыз болып қалды. Маркстің а ң бақытына еңбек етуіне, «Капитал» сияқты ұлы еңбегін қаламақысы шылым алуына да жетпеген сол бір заманда жазуына Энгельстің еткен достық көмегі шексіз болғаны белгілі. Энгельс науқастанып қалғанда, Маркс ерінбей-жалықпай медицинаны зерттеп, досын дерттен емдеудің жолын іздегені де белгілі. Ал Энгельс болса, жоқшылықта өмір сүрген ұлы досына өмір бойы көмек көрсетумен болмай ма?! Жаны жек көретін сауда орнында ол Маркс үшін қызмет те істеп, тапқан табысын досының от- басына беріп тұрмай ма?! Екі алыптың асқан достықпен, ынтымақпен еткен еңбегі арқасында а ұлы ғылымға ие болды. (Мұқан Иманжанов. Ақиқат туралы аңыз) 1.Негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты жазыңдар Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем 1. Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Проблемалық сұрақтар /ықтимал жауап/ Қалай ойлайсың, бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе? Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем 2. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: «Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық», - деп жауап беріпті. Проблемалық сұрақтар /ықтимал жауап/ Адал достық пен амал достықтың арасын қалай ажыратуға болады? Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем 3. Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. Махамбет ақын Проблемалық сұрақтар /ықтимал жауап/ Досыңның жаман, жақсы екенін қайдан, неден білуге болады?
Қиял - шығармашылық бастауы.
Тәтті қиялға беріліп, армандамайтын адам жоқ шығар? Адамға қиялдау керек, себебі армандар бізді алдымызға мақсат қою арқылы жарқын болашаққа жетелейді.
Қиял – бізді қанаттандыратын сезім. Қиялдау арқылы біз алысқа көз тігіп, жарқын болашақ туралы ойланамыз.
Ал осы армандарымыз бен тәтті қиялдарымыз қайтсек орындалады екен? Осы сұраққа жауап іздеп көрдіңіз бе? Соңғы кездері ерекше танымалдыққа ие болып отырған визуализация тәсілі туралы естідіңіз бе? Яғни, елестету деген мағынаны білдіреді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге армандаған нәрсеңізге қол жеткізгендей сезініп, өз іс – әрекеттеріңізді көз алдыңызға елестету арқылы сол арманды өзіңізге жақындатасыз. Сонымен қатар тек жағымды ойлаңыз. Сонда сәттілік сізбен бірге болады. Адамдардың көбі ақыл-ойларын өздеріне қиындық әкелетін түрлі проблемалар мен түйткілді мәселелерге аударып, үнемі сәтсіздік пен жағымсыз ойлар жайында ойлап жатады. Бұлай жасау сізге сол қиындықтан құтылуға көмектеспейді, керісінше, ақыл-ойыңыз арқылы қиындықта мәңгі қалуға жағдай жасайды. Қиындықты ойлап, содан неғұрлым құтылсам деп қашқан сайын, ол сізге желімдей жабыса түседі. Одан құтылу үшін – ол жайында ойламай, керісінше көңіліңізді көтеретін тек жағымды ойларға беріліңіз.
Антонимдер:
Жағымды - жағымсыз
Ойлау - ойламау
Сәттілік - сәтсіздік
Синонимдер:
арман, қиял
құтылу, қашу
ойлау, ойға берілу
, мәселе
Бадминтон – воланмен және ракеткамен ойналатын спорт түрі.Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.Қазақ күресі – ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.Велосипед спорты — жарыс велосипеді арқылы өте қысқа мерзімде белгілі бір жерге бірінші болып жету, сонымен қатар велосипед көлік ретінде немесе демалу және спортпен шұғылдану үшін қолданылады.
Объяснение: