1991 жыл - Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар елтаңбамыз қабылданды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап, қазақ халқы бар қажыр-жігерімізді жұмсап, жаңа, көк аспанда қалықтаған, еңсесі биік Қазақстан уақыт өткен сайын нық сеніммен алға басып келеді. Президент сөзі латын тілінен аударғанда алдыңғы қатардағы деген мағынаны береді. Осындай жолда көп еңбек сіңіріп, бүгінде бүкіл әлем таныған, тарихы
Диалог "Кім болғым келеді?":
– Эх,осылайша тоғызыншы сыныпты да аяқтадық.Әсел,мектеп бітіруімізге екі-ақ жыл қалды емес пе?
– Ия,Дана,уақыт зымырап өтеді екен.Енді болашағымыз туралы ойлана бастауымыз керек..
– Болашақ демекші, келешекте сенің кім болғың келеді?
– Кішкентай кезімде мұғалім болам деуші едім.Өсе келе неше түрлі мамандық иелерін көрдім,ішінен біреуін таңдау да қиын ғой.
– Не де болса, мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек.Себебі,ол біздің ертеңгі нанымыз болады.
– Дұрыс айтасың.Ал сен кім болғың келеді?
– Мен дәрігер боламын деп шештім.Сабағымды жақсы оқып,теория жүзінде де практика жүзінде де мықты болғым келеді.Адамдарға тек қуаныш сыйласам деймін.
– Мәссаған,арманың орындалсын!Мен саған сенемін.
– Рахмет!Олай болса сен де көп бөгелмей,болашақта кім болатыныңды шешкенің жөн.Сау бол!
– Әрине,сау бол!
Источник: https://www.zharar.com/tags/%D1%82%D0%B0%D1%83%D0%B5%D0%BB%D1%81%D0%B8%D0%B7%D0%B4%D0%B8%D0%BA+%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D1%88%D1%8B%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0/
© www.ZHARAR.com