Перевод на жұртында броун деген білімді ұста судың үстіне бір қолайлы көпір салуға жүріп, «қалайша салсам қолайлы, нық болар екен» деп ойға қалып келе жатса, жолдың үстіне кесе тартқан өрмекшінің өрмегіне көзі түсті. мұны көріп броун тоқтай қалып ойланды: «бұл өрмекші мынау жол арқылы көпір салыпты, астында тіреуі жоқ, осындай көпір қолайлы болар еді» деп. сонымен келді де, су үстіне екі ұзын шынжыр тартып, ортасына тақтай салып, екі жақ басын құрғақ жерден биік, нық бағаналарға бекітіп, көпір істеді. шынжырдан көпір салу содан қалған үлгі екен.