Перевести, . жиренше жолдасына «сен қайда қонасың? »—деді, «мен ақ үйге қонамын»,— дейді ол. «ендеше мен қараша үйге қонамын». сөйтіп екеуі екі бөлініп, бірі байға, бірі кедейге барып түседі.жиренше үйдегі кемпір: «шырағым мынау байдың үйі тұрғанда, біздің қосқа қалай түстің? » — дейді. «менің баспанам да осындай еді, өз үйім тәрізді болған соң өзімсініп түстім»,— дейді. жиренше түскен үй іңір болған соң от жақты, келін сиыр сауды. кемпір от басында, қыз үйдің іргесінде отыр. жиренше төрде отырып қызға қарап басын сипайды. бұл: «сенің қалың малың шашымнан көп-ау» — дегені еді. қыз оған түсініп астындағы тақыр тулақты сипады. ол: "теңімді тапса тақыр кедей болса да береді"- дегені еді. жиренше мен қарашаш бірін-бірі ұнатқанын осылай ыммен ұғысады.