Перевести , только перевод из переводчика не скидывайте! өлімді жеңген ана мақтасақ — әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. әйел — ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес азияның ақсақ барысы темір жер бетін қанға бояп, ойды қырға теңеп, жоннан жол салып, жер шарын асықтай үйіргісі келген . бұл, сансыз елді өзіне бағындырып, шексіз жерді қанға суарған, айбатынан ай жасырынған темір. ол елу жыл жалғанды жалпағынан басып, өзінен өзгеде күш барын сезген де емес. темірдің темір өкшесі талай қаланы молаға, талай елді далаға айналдырды. талай мемлекетті қтай жаншып, шалшықтай шашып жіберді. ана, дүниедегі жалғыз күш сондықтан, самарқанның көк майын мұнараларынан басқа еш нәрсе керінбеді. алғашқы екпінмен «өрте самарқанды! » деген әмір бергісі келіп тұрды да: — жоқ, самарқандағы көк мойындарды сүйегінен салдырғам! өртемеймін! — деді ішінен. алаңға тігілген бес мың ақ шатыр, бәрі де дөп-дөңгелек, ақ қызғалдақ, ақ гүл секілді. бәрінің төбесінде де бір-бір жалау темірге табынып, басын иіп тұр. бәрінің ортасында ақсақ темірдің ала шатыры — алып ордасы тұр. бұл төрт бұрышты, айналасы жүз қ, үш найза бойы биіктігі бар күмбез. ортасында он екі алтын баған. төбесінде көкпеңбек мұнара. сары, қара, көк жібектен қиюластырып жасалған ала шатыр. кім білсін қанша әйел, қанша уақытта тоқып шығарғанын? шатырды бес жүз қызыл баумен жерге таңып тастапты. әйтпесе, жер тәңірісі темірдің ала шатырын жел ұшырып әкету де мүмкін емес пе… шатырдың төрт бұрышында төрт күміс қыран. ортасыңда, көк күмбездің дәл ортасында, биік тақта, ешкімге жеңгізбеген, жеңгізбен де деген бесінші ақиық аксақ темір көрегеннің өзі отыр.