Перевести тізілген таулары бар жетісудың, ішінде орман, тоғай біткен нудың, дариядай сол таулардан тулап тасып, көресің тамашасын аққан судың. есепсіз тау суреті көз жетпейтін, жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін; өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп, бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін. карлы тау басы биік мұнар кетпес, сырласып бұлттарменен болған кептес, түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп, жүреді бір-бірімен. боп тілектес. арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық, сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, – тулаған, аққан бұлақ тасқынында асаудай ойнақ салар қ шоршып. етегі сол таулардың мидай тегіс, тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс, еліне мекен етіп еңбек қылған жегізер аямастан түрлі жеміс. алатау жетісумен құшақтасқан, еліне қазыналы қойнын ашқан, бауырында қазақстан астанам бар, – бауырлас орыс-қазақ араласқан. жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын, көк майса ойы-қыры бәрі ғын, қызығын көк жайлаудың көрсем десең, шалғынға бауырың төсеп жатып алғын.