Перевести еламан теңізге тартты. түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде күні бойы жалғыз. мұз ояды. ау қарайды. теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді байқамайтын. төбеде көк аспан. табан асты көк теңіз. екі дүние арасында жабырқау ойды жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. теңіз үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. әке-шешеден ерте айырылды. әкесімен бірге туған ағасы – есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. , жалғыз жетім шалдан қайыр шамалы. ендігі жанашырдан – немере іні – рай. бірақ ол жас. өзі сияқты о да әке-шешеден жастай жетім қалды. қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр. еламан күрсінді. аяғы астында жатқан бір-екі қты етігінің тұмсығымен теуіп, өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. күтпеген жерден қайын атасы есіне түсіп кетті. тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. отбасына да мазасыз. еламанды «қшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. оған бұл үйренген. кеше де қатынаған біреуден «қшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп хабар жіберіпті.
қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. нан қасиетті. кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. ал бірақ өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. ұнның құрамындағы ң бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. өзге халықты қ, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. тіпті ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. нанның қасиетті құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. « атамыз бен хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. үйге келген кез келген асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. ң арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. нанын берген ға жамандық ойламаған. қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. аз уақытта әлем торласып үлгерді. кешегі жаңалық, жаңалық болмай қалды. сол заматта бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді.
ғаламтор… ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатыгездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы.ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. сіздің жазбаңызды әлдекім ұнатуы да ұнатпауы да мүмкін. пікірталас.оны кім айтты екен, кім шығарды екен? білмеймін… енді сіз құқылысыз, еш қымсынбастан, мұным қалай болар екен деп ойланбастан, ағайынның, мейлі ол кім болса, ол болсын, жағасынан аласыз, тығылып отырып коммент жазасыз, тасада тұрып тас лақтырасыз. қой дейтін ешкім жоқ. міне, еркіндік! алпыстағы ағаның жазбасына бесіктен белі шықпастан интернет әлемін кезген әлдебір боқмұрын сіңбіре салады. оның жақтастары көп-ақ, бірдеңе деп қарсы шығар болсаңыз, бітті, бір топ шуылдақ қақырып-түкіріп, ақ иті мен көк итін кезек жұмсауы мүмкін. сақ болыңыз!
интернетшіл демекші, оның немен айналысып, нені оқып, нені көріп отырғанын қадағалайтын ата-ана керек. алайда ғаламтор түгілі, компьютердің тінтуірін ұстап көрмеген кейбір отағасы мен отанасы оны қалай қадағаламақ?
әрине, еркін пікір білдіріп үйренген жөн. алайда әдептен озбауды ұмыта беретініміз де жасырын емес.
интернетшіл демекші, оның немен айналысып, нені оқып, нені көріп отырғанын қадағалайтын ата-ана керек. алайда ғаламтор түгілі, компьютердің тінтуірін ұстап көрмеген кейбір отағасы мен отанасы оны қалай қадағаламақ?
ең бастысы, жазбаңыздың грамматикалық қателіктеріне, ой-мазмұндық ұрда-жықтығына, жарты сөйлем, жалаң құрылым екеніне мән беріп жатқан сіз жоқ, барлық шектеулер мен кедергілер сызылып тасталған, соған қарамастан о бір шеттен, өзге қаладан, өзге ауданнан, өзге ауылдан әлдебір кісі ойыңызды ұнатыпты. мақұл. тағы бірнешеуіне де жаман әсер етпеген көрінеді. дұрыс. енді келіп басқа бір шеттен сіз көрмеген, атын естімеген қайдағы біреу ақыл айта бастайды, дұрыс емес дейді, сөйлеміңді түзе дейді, үтір-нүктеңді байқап қой дейді, сөзді орнымен қолдан дейді, мәдениетті бол дейді. кім ол сонша бұлай ақыл айтатын? жатып кеп арылдайсың. өзіңнің жазбаңды қорғауың керек. ал ол жазбаңның басында проза, поэзия деген анықтамалар тұрса, онда тіптен күйіп кетесің. күңіренесің. кіжінесің. өзге аздаған оқырманыңызға қызық керек, ортаға май құя түседі. біреуі «еп» дейді, енді бірі «шоқ» дейді. біреуі жұбатқансиды, тағы бірі саған жаны ашығансып, екі жақтың да көңілін жықпай, «…енді дұрысырақ, онша үлкен ағаттық та жоқ секілді… бірақ…» деп мүләйімсиді. танымайтын қасыңа қарадай өш боп, сәл жылы сөз айтқан пікірлесіңе жүрегің елжіреп сала береді. міне, бүгінгі ғаламтор әдебиеті. «шөп те – өлең, шөңге де – өлең». сөйлем құрай білсең, жазушысың. ондай атақты саған ешкім берген жоқ, жеке парақшаңа, болмаса өзіңнің блогыңа, яки сайтыңа іліп қой. саған қой деген пенде болмас. болып жатса, ит терісін басына қаптай сал. ешкімді еркінсітпе. цензураның заманы өткен. бірте-бірте кітаптың да «модыдан» қаларын ішіңіз сезіп жүр. ат шығарудың төте жолы сарғайған журналдар мен газеттердің бетінде көлдей болып тұру емесін екінің бірі біледі. әлеуметтік тобыңыз, сізді жақтайтындар мен жақтамайтындар қанша көп болса, сонша жақсы. ойыңызға келгенін тізе беріңіз. бәрі аңтарылып қарайды, өлеңіңізді өзінің «тілдей » (микроблог) көшіріп алады. сізді арнайы қорғайтын адвокаттарыңыз солар… демек, әдебиеттің өзіндік оқырмандары баршылық. олардың қалай топтасқаны, айналаңызға қалай жиналғанын өзіңіз де біліп отырсыз…
ғаламтор… тұтасқан әлем. өрмекшінің торы дерсіз. енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? бұйығы, жадау-жүдеу… бұл да бір өтпелі кезең шығар. жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.
м. хайдеггер техникамен тіл табыспай, өркениеті алға озбасын аманаттайды. ойшылдың өткен ғасыр айтқан толғамының кезеңіне енді жеттік. ұлы дүбірде атымыз оза ма, әлде… сіз бен бізге байланысты.