Переведите текст нужен ! ертеректе қарақшылар жол торып, тонап, қолға түскендерін құлдар базарында сатады екен.кезекті бір тонау үстінде қарақшылардың қолына қартайған бір кедей кісі түсіпті№ қарақшылардың басшысы кәрі шалға: -егер құлдар базарында сатылғың келмесе,жүз алтын әкел, сонда сені босатамыз,- дейді. кедей шал амал жоқ отбасына: "мені құтқару үшін беретін ақшаларыңнңың жоқ екенін білемін. бірақ қандай жағдайда екенімді білсін деп жазып отырмын",-деп хат жазады. кедей шалдың ержүрек, адал ұлы бар екен. әкесінің хатын алысымен, ол қарақшыларға келіп: -ағалар,-деп жалынады, әкемді қарымтасыз босатыңыздар демеймін, өйткені босатпайсыздар. әкем кәрі әрі қауқарсыз, оны сатқанмен, ешқандай пайда жоқ.оның орнына мені сатыңыздар, сонда көбірек ақша табасыздар,-дейді. мынадай ұсыныс қарақшыларға ұнайды. басшыларына жігіттің ұсынысын жеткізеді. қарақшылар басшысы бұл сөздерді естігенде,өз құлағына өзі сенбейді. ол кәрі шалдың ұлына таңдана қарап: -шіркін! мына дүниеде әлі ержүрек жігіттер бар екен ғой! шүкір! бердім саған әкенді. кәне, екеуің де боссыңдар, кете беріңдер,-депті. байғұс әкесі мен ержүрек қуанып, үйлеріне қайтыпты.