Переведите текст надо, буду фаст-фуд- денсаулықтың дұшпаны. сәлем , достым! халің қалай? мына зымыраған заманда уақытың қалай өтіп жатыр? саған фаст-фуд туралы айтқым келіп отыр.кеше бізде зиянды тағамдар туралы пікірталас болды. мен сол пікірталаста шығып сөйледім. шындығында, мен пікірталасқа дайындық барысында көп нәрсе білдім. маған құрдастарым да біраз сұрақ қойды. "фаст-фуд " (fast food) сөзі ағылшын тілінен аударғанда- "шұғыл дайындалған тағам " дегенді білдіретінін көбіміз білеміз. сен де білетін шығарсың? фаст-фуд тың түрлері көп екен.атап айтсақ, бұл- біз сүйіп жейтін фри картобы, әртүрлі бюргерлер,хот-догтар, пицца, шаурма.тағы да фаст-фудқа оңай дайындалатын кеспе, картоп пюрелерін, ботқаларды жатқызады.сонымен қатар дүкендерде сатылатын чипсы, кептірілген тұзды нандар, жаңғақтар, поп-корндар да фаст-фудтың бір түрі екен.бір қызығы, үлкеніміз де , кішіміз де оны сүйсіне жейміз, іздеп жүріп жейміз. ал зиян екенін ойламаймыз. тез қарнымыз тойса, соған мәзбіз. ең бастысы,фаст-фудтың ағзамызға зиянды тағам екенін ұмытпау керек. бірақ біз осыны біле тұра бәрібір фаст-фудты жегіміз келіп тұрады.бүгінгі фаст-фудтар ағзасына көп зиян келтіреді.фаст-фудты жиі жесек, көптеген ауруға шалдығады екенбіз.маған ата-анам бұрыннан чипсы,кептірілген тұзды нандарды, бюргер, хот-догтарды жеуге қатаң тыйым салған.анда-санда пицца аламыз.өзіне-өзі дұшпан фаст-фудты жей берсін,ал сен жеме! ең басты нәрсе денсаулығың емес пе? дені саудың жаны сау! өзіңді күт, достым.енді мен де фаст-фудқа құмарлығымды азайтамын.