Переведите без переводчика абай мен әбіш наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, абайдың үйіне түсіпті. жайғасып отырған соң ол: - абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты.абай сәл ойланып отырыпты да: - менің әбдірахман деген бар еді. оны тоғыз жасында семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. оны бітірген соң, петербурға жібердім. қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. ң алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып: - қалқам әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. ол іркілместен: - ақ зат асыл ғой, - деді. - неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. әбіш бетіме қарап күлді де: - қараны қалай асыл дейсіз? - деді. мен: - біріншіден, барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. қараның асылдығына осы дәлел. екіншіден, қағаз ақ, одан оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. үшіншіден, жас шақта ң сақал-шашы қара болады. осыған байланысты жас күнде ақыл, білім, қайрат көп болады. қартайғанда шаш-сақал ағарады. ал, ақыл, білім, қайрат та азаяды. сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім. сонда әбіш: - оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. - ақылмен білдім, - дедім мен. - олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе! екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. о да аққа ұқсамай ма? - деді. мен ң тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім