Переведите ! ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі жатқан бір теңіз емес пе? ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді? ! шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. ол - ана! қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап, оянбай жылап сенің іздейтінің — ана! сен жан болып дүниеге келдің. сенің іздейтінің бір-ақ жан. ол — ана! ол саған бәрінен қымбат. міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. ананың жолы басқа. ана деген сөздің өзі ыстық. ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.