Pe, 6 9-тапсырма. Елбасының сөзінде айтылған жағдаяттарға сай
ее rін кура.
«Орбір аймақтағы, әрбір ауылдағы елді мекеннің, ауылдың,
таудың, өзеннің тарихын, сол жерлердегі әдет-ғұрыптарды қайта
жаңғыртып, жазып алса деген ойды мен бұрын да айтқанмын,
Орбір елді мекендердің тарихына байланысты есте қалған қан-
дай аңыздар бар? Олардың басқаша емес, дәл осылай аталуы
неліктен?
(Нұрсұлтан Назарбаев)
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.