Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.
Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.
Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.
Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.
Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс. Табиғатты қорғау керек және қолдану керек.Бұнсыз адам қоғамындағы прогрес мүмкін емес. Адамдар арасындағы табиғатты қорғау принциптері мен ережелерінің сақталуы оны заңдастырылған жағдайда ғана сақталады. Ең негізгі табиғатты қорғау заңы болып - табиғатты әркімнің, қазақстан халықтарының аса бағалы байлығы ретінде, әлеуметтік, экономикалық дамуы мен адамзаттың жағдайының жақсаруының ең негізгі кепілі ретінде тануы болып табылады. Бірақ Заң автоматты түрде жүзеге асырылмайды, олар мемлекеттің басқарылуымен бақылаушы ұйымдар, прокуратура, сот, арбитражды сот, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер арқылы бақыланып отыралады. Бұл Заңдар азаматтардың бойында ешкімнің зорлығынсыз, күштеуінсіз, өз еркімекн адамгершілік негізде қалануы керек. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері ережелерін сақтау және табиғатты қорғау, қазіргі және болашақ ұрпақтың өмірімен келешегі үшін үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде Жердің барлық: атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бәрі ластанаған, атмосферадағы газ баланысының өзгеруі, ластануының өсуі, оны қорғаудың, сақтаудың түрлі шаоаларын қатаң сақтауға, өндіріс орындарына жоғарғы сапалы тазартқыш қондырғылар орнатуға, өнеркәсіпте айналмалы процестер циклін қолдану және жаңашаландыра отырып қолға алуға баса көп көңіл бөлінуде. Суды уаытында қорғап, үнемді, тиімді пайдалану, оның қажеттілігі мен қолдану мүмкіншіліктерін арттырады. Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет. Өсімдіктер, соның ішінде орман – орнын толтыруға болатын табиғат ресурстарының бірі. Оларды тиімді пайдалану, өсімдіктер бірлестігінің өзгерісі мен орнына келтіру экологиялық заңдылықтарға негізделген. Жануарлар дүниесі – табиғаттың орнына келтірілетін бөлігі ретінде адамдар оларды экологиялық заңдылықтарға сәйкес реттеп отырады, мысалы: өндірістік жануарларды белгілі бір тәртіп бойынша аулау, құрып бара жатқан және сирек кездесетін түрлерді қорғау мен қалпына келтіру, орман және ауылшаруашылық өнімдеріне қауіп төндіруші жәндіктердің снын азауту немесе керісінше, пайдалы жәндіктер санын өсіру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/ekologiya/156-oldanbaly-ekologiya-nemese-tabiatty-orau.html
Ғарышкер
Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.
Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.
Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.
Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/ekologiya/156-oldanbaly-ekologiya-nemese-tabiatty-orau.html