Туған тілім- тіршілігімнің айғағы, Тілім барда- айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Олай болса, ана тілін ұмытқан адам Отанға қауіпті болмай, не болады?! Қоғамның адамгершілік жағынан деградацияға ұшырады нақ осы ана тілінің тағдырына салғырт,немқұрайлы қарауынан басталады.Өзін дүниеге алып келген анасының тіліне,оның аяулы үйіне жаны ашымайтын қоғамнан қандай рухани өрлеуді,нендей адамгершілікті,өркениетті күтуге болады?!Мемлекеттің лингвистикалық тоқырауға ұшырауы жақсылықтың басы емес.Ұлттық тіл жоқ жерде ұлт та жоқ, ұлттық мемлекет те жоқ.Ұлттың барша қадір-қасиеті –оның ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани тәжірбиесі,ақыл-ойы мен сана-сезімі,салт-дәстүрі,тарихы мен дүниетанымы,бір сөзбен айтқанда,бүкіл рухы нақ осы тілде жатыр.Дегенмен,қазақты қазақ қылып,оны жер шарын мекендеген 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстардан ерекшелеп тұрған ең басты қасиеттерді атап шығуға болады.Біріншіден,қазақ дегеніміз ұлт.Демек,оның ұлттық тілі бар,ол бүгіндері тұтынушыларының саны жағынан дүние жүзіндегі әлгі өзіміз айтқан 3 мыңнан астам халықтың ішінде жетпісінші орындардың бірін иеленетін 10 миллион үстіндегі жұрттың күнделікті қарым-қатынас құралына айналғаны- қазақ тілі.Тіл көркем әдебиеттің негізгі құралы десек,байырғы дәстүрлер де осы тілде сақталған.Содан да бейнелі суретті тіл туралы,жалпы көркем әдебиеттегі дәстүр туралы айтқанда оның терең тамыры халықтың тіршілік еткен мекені мен мезгіліне,одан туған образдық түсінік,ұғымына байланысты екенін мойындауымыз қажет.Тіл адамды көкке көтереді,тіл арқылы ел бақытқа жетеді.Бұл дәуірде өз тілін,әдебиетін білмеген адам толық мәнде интеллигент емес деуге болады. Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгің келсе,алдымен оның тілін үйрен.Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік.Егер ертең туған тілім жоғалар болса,мен бүгін өлуге даярмын.Өмірде ай мен күннің шындығы секілді ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар бар.Адамның азаматтығы мен адамгершілігі оның өзінің ана тіліне деген көзқарасы мен қатынасынан көрінеді деген пікір-сондай аксиомалардың бірі. Өйткені, Ана тілі мен Отан деген ұғымдар бір-бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер.Біздің ең алғашқы,әрі ең соңғы Отанымыз осы-ана тілі,оның аяулы үні.Ол бізді дүние есігінен тұңғыш болып қарсы алып,бақилық сапарға ақырғы болып шығарып салады.Ендеше К.Паустовский «Ана тілін ұмытқан адам Отанға қауіпті» деген аталы пікірі жауапсыз айтыла салған абстракциялық көп қызыл сөздің бірі емес,туған елін,қасиетті Отанын перзенттік жүрекпен сүйе білген жанның шын тебіренісінен туған ақиқат.Сол ақиқат мынаған меңзейді ана тілінің бүгіні мен болашағына немқұрайлы,салғырт қарамақ,сол себепті де кейде оның өзінің жеке басының пайдасы үшін жұртшылыққа ортақ Отанның мүддесін көп басын қатырып жатпай-ақ сатып жібере салуы бек мүмкін. Анатоль Франс « Жер мен Тіл» деген мақаласында әр халық тілінің туған жерге,тіршілік,харекет жайына тығыз байланысты екенін айтады. «Туған ана- жер мен адамдардың сөйлеу тілінің арасында құпия сыр,байланыс бар.Адам тілі мен образда да туған : оның тегі селода; қала, бәлкім, оған біраз әдемілік берген болар,бірақ оның бар мықтылығы даладан, туған жерден.Біз бәріміз сөйлейтін -өткір тіл ,шаруа тілі...я біздің сөзіміз осы торғай әніндей дархан далада туған»! Бұқараның міндеті ұлттық тілді дүниеге алып келу,сол дүниеге келген тілді қырнап-мінеу,көркемдеу,сүйіп оны мәдениет пен ғылымның,өркениеттің дүниежүзілік озық стандарттарының дәрежесіне дейін көтеру-интелегенциялық,ал сол қырналып,мінеліп мәдениет қалыбына түскен тілді заң күші арқылы ұлттық мемлекеттің күнделікті қажетіне айналдыру-өкімет пен өкімет басшылығының азаматтық қана емес,конституциялық болады
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.