Қар жауып жатыр себелеп, дүние ойға батқандай; ақша қар - аппақ көбелек, көбелек ұшып жатқандай. Әлдебір сазға беріліп, ақ әлем, аппақ түнгі ұйып; қараша бағы керіліп, кеудеме жатыр мұң құйып. Оранып аппақ шәліге Алматы сылқым мүлгиді; жетелеп әрі, әріге, жүректі бір ой үңгиді. Атамның үні тәрізді кеудемде бір күй сызады; ойларды қозғап бар ізгі, қараша желі ұзады. Ертегі ғүмыр секілді әжем айтатын баяғы; аймалап ақ қар бетімді, құшағын аспан жаяды... Қар жауып жатыр себелеп, бар ғалам ойға батқандай; дүние - аппақ көбелек, қапылып ұшып жатқандай. желтоқсан, 1968 жыл.
Дауылпаз - қазақ халқының көнеден келе жатқан ұрмалы аспабы. Бұл аспап тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Аңшылық пен саятшылық кезінде аң-құстарды, мал баққанда төрт түлікті үркіткен. Сондай-ақ, жаугершілік заманда дауылпазды қаға отырып, әскербасылар белгі беріп, сарбаздарды бір жерге шоғырландырған.
Дауылпаз көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Кейде аспапта дабыл қағу үшін ағаш тоқпақ пайдаланылады. Бұл аспап өзге халықтарда да кездеседі. Өзбектерде «тәбльбасс», қырғыздарда «доолбас» деп аталатын аспаптар дауылпазға ұқсайды.
Дауылпаз аспабы оркестр мен ансамбльдерде көп қолданылады. Аспап арқылы тұлпарлардың дүбірін, табиғат құбылысын, а ң қуану, шаттану сезімдерін көрсетуге болады. Алғаш рет дауылпазды оркестрдегі музыкалық аспаптардың қатарына Ахмет Жұбанов енгізген еді
Если только стих )
Қар жауып жатыр себелеп,
дүние ойға батқандай;
ақша қар - аппақ көбелек,
көбелек ұшып жатқандай.
Әлдебір сазға беріліп,
ақ әлем, аппақ түнгі ұйып;
қараша бағы керіліп,
кеудеме жатыр мұң құйып.
Оранып аппақ шәліге
Алматы сылқым мүлгиді;
жетелеп әрі, әріге,
жүректі бір ой үңгиді.
Атамның үні тәрізді
кеудемде бір күй сызады;
ойларды қозғап бар ізгі,
қараша желі ұзады.
Ертегі ғүмыр секілді
әжем айтатын баяғы;
аймалап ақ қар бетімді,
құшағын аспан жаяды...
Қар жауып жатыр себелеп,
бар ғалам ойға батқандай;
дүние - аппақ көбелек,
қапылып ұшып жатқандай.
желтоқсан, 1968 жыл.