Осыдан он бес жыл бұрынғы оқиғаларды еске ала отырып, мен бір үлкен рәміздік мәні болған тарихи жағдайдың түйісуіне таңғалдым.
Қазақстан егемендігінің орнауы ғарыштың өзінен басталды. Кеңес Одағының ыдырауы қарсаңында, 1991 жылы тамызда «Байқоңыр» ғарыш айлағы республиканың меншігі деп жарияланды. Осы жылдың
қазанында ғарышқа бірінші қазақ ғарышкері ұшты, ал Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны біз желтоқсанда қабылдадық. Яғни ұлттық мемлекет болғымыз келген ниетімізді, біз, жерден гөрі, ғарышта ббұрынырақ мәлімдеген сияқтымыз!Бұл-бүкіл ғаламның,жерден тыс өркениеттердің кереметтей құпияларын бойына жинаған,ата бабалал рухымен байланыстырып тұрған тылсым дүние.Ол мені қашан да қызықтыратын,жан дүниемді баурайтын...
Қазақстанда және онымен шектес аумақтарда төрт казак әскері болды. Олар Жайық, Сібір, Орынбор және Жетісу казак әскерлері еді.
Ресей империясындағы казак әскери бөлімдерінің негізгі қызмет түрлері, біріншіден, Ресейге жаңа жерлерді қосып алуға белсене қатысу; екіншіден, көрші мемлекет әскерлерінің шекараға басып кіруінен қорғау; үшіншіден, Ресей империясы құрамындағы бұратана халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын, орыс шаруалары мен жұмысшы табының көтерілістерін аяусыз басуға белсене қатысу болатын. Мәселен, казактар Польшадағы көтерілісшілерді, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан халықтарының көтерілістерін аяусыз жазалауға белсене қатысты. Казактар 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясын басып-жаншуда да ерекше көзге түсті. Төртіншіден, казактар орыс армиясының XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезіндегі шетелдерге жасаған жорықтарының барлығына да қатысты.