Орындау уақыты- 40 минут Оқылым-15 мин.
Жазылым-25 мин.
Тапсырма
Оқылым
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық деңгейінің төмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты өзінің ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді көздейді. Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да ішкі тұрақтылығына елеулі қатер төндіреді.
1.Мәтінде көтерілген негізгі мәселені
1 сөйлеммен жауап жазыңыз. [ ]
2.Мәтінде айтылған мәселе бойынша сіздің пікіріңіз қандай? 3-4 сөйлеммен жауап жазыңыз.
3. Мәтіннің стилі қандай және дәлел ретінде 3-4 аргумент келтіріңіз.
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, аргументативті эссе жазыңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[ ]
1. А.Әшімов: «Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін...» - деген. Берілген ойды жалғастырып,ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз. 80-90 сөз.
2. Қазіргі таңдағы еліміздегі жаһандану жүйесінің пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз. 80-90 сөз.
Мамандық туралы диалог
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!
Қазақстан - сол үлкен республика. Онда бөлек-бөлекұлттың адамдары мекендейді. Қазақстанның астанасыАстана қаласы. Астана әдемі қала, мында көп биіктіктіңғимаратында, ескерткіште, әкімшілік мекемелерде, көпмектеп, балабақшалардың, колледждердің, вузов бар. ДаДуман мәдениетті-алдарқат- кешендері болады, мега,Азия, кітапханалар, мұражай саябақ, шатыр хан. Қалаалдым өзеннің Ишим болады. Мемлекеттік тілмен қазақтіл болып табылады. Астана қаласы өте әдемі, тым 15жастың оған. Менің астанамның өркенде-!