Қорқыт есімімен байланысты аңыздар түрік тектес халықтар арасында әр алуан түрде әңгімеленеді. Академик Ә.Марғұлан: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түрікпендерде көбірек жолығады» дейді. Қорқыт жайындағы деректердің белгілі бола бастауы XII-XIII ғасырлардан бермен қарай. Атақты тарихшы Рашидеддин қыр сахарасында Қорқыт пен «Оғыз-наманың» қатар хикаяланатынын жазған.
ответь: