Қолдану 1.
Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, «Біздің арамызда Шаншатай
сияқты бала бар ма?», «Біз бос уақытымызды қалай өткізіп жүрміз?»
деген сұрақтарға жауап іздеп көріңдер.
Үзінді мазмұнына сүйене отырып, «Үш түрлі күнделік» кестесін тол-
тырыңдар.
2.
Мәтіннен ерекше әсер
еткен немесе ой салған
дәйексөз келтіру
Қандай ой тудырды?
Осыған байланысты
қандай сұрақ туды?
«Мұғалімге хат»
сұрақтар
Қазақстан мемлекеті – көп ұлтты. Біздің елімізде 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері татулық уызына ұйып, бейбіт қатар ғұмыр кешуде. Олар – түрік, ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, грек, армян, әзірбайжан, украин, белорус, шешен, карачай-балкар, құмық және тағы басқа этнос өкілдері.
Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
Орайлы тұста айта кетейік, 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.