Олаылым 7-тапсырма. Салыстыр. Дереккөздерді пайдаланып, Бен
Хейннің өмірбаяны туралы мәліметтерді тап. Оның өмірбаянын екі түрлі
мәтін түрінде жаз. Алдымен өмірбаяндық мәтін түрінде құра (аты-жөні,
туған жылы, туған жері, қашан, қандай білім беру мекемелеріне барды,
отбасы туралы мәлімет бер). Содан соң осы мәліметтерді көркем-әдеби
мәтінге айналдырып жаз. Екінші мәтінде суретшінің туған күн, ай,
Жылы, туған жері, оқыған білім мекемелері, отбасы туралы білетініңді
көркем тілмен баяндап жаз. Қай мәтінде бейнелі, көркемсөздер көбірек
қолданылды? Себебі неде?
КӨМЕКТЕСІНДЕР
Шығарма
Менің болашақ мамандығым – дизайнер.
Мамандық – адам өмірінің ажырамас бір бөлігі.Мамандық таңдауда қателеспеген абзал,себебі ол сенің ертеңгі наның,сүйікті ісің болуы керек."Жеті рет өлшеп,бір рет кес" демекші,мен болашағымды дизайнер мамандығымен байланыстырғым келеді.Ия,дана халқымыз:"қол өнері - кілемде,сөз өнері - өлеңде" деп айтып кеткендей,дизайнер мамандығының шыңына жетуді армандаймын.Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.Ия,"шеберлікке шек жоқ" дегендей,күн санап не бір жаңалықтар ашылуда.Заманауи үлгідегі небір киімдермен қатар,жаңа үлгідегі үй жиһаздары, күнделікті тұрмыстық заттар дүниеге келуде.Адам қиялында шек жоқ.Сондықтан да,мен дизайнер мамандығын өлмес мамандықтардың бірі дер едім.Ең бастысы дизайнердің қолынан шыққан заттар адамзаттың игілігі үшін ғой.Мен де келешекте ыңғайлы әрі сәнді дүниелерді жарыққа шығарамын.Әрі ата-бабамыздан бері асыл мұра боп қалған ұлттық нақыштағы киімдерді де ұмыт қалдырмақ емеспін.Қазақстандық дизайнерлер,атап айтар болсам,Ая Бапани,Аида Кауменова,Салтанат Баймұхамедова сынды өз ісінің қас шеберлері болатынына сеніммен қараймын.
Менің сүйікті музыкалық жанрым.
Қазіргі таңда музыкалық стильдер көп-ақ.Музыканттар жаңа жанрлар мен бағыттарды ойлап табудан шаршаған емес.Ол жанрлардың біразы көпшліліктің сүйіктісіне айналса,енді бірі құрдымға кетеді.Бірақ осы сан алуандылықтың арқасында әрбір адам өзінің сүйікті музыкалық жанрын таба алады.
Ал менің сүйіп тыңдайтыным – поп жанрындағы музыкалар.Кейде көңіл-күйіме қарай да тыңдай беремін.Классикалық жанр,халықтық жанр,джаз,рок,поп – барлығының да өзіндік сыр-сипаттары бар.Поп жанрындағы әуендерді сіз кез-келген уақытта тыңдай аласыз.Мысалы,үй жинап жүріп,көшеде,түрлі кештерде және тағы да басқа.Поп – ол қазіргі замандағы музыка.Өзінің бастауын ХХ ғасырдың аяғында бастады.Және Майкл Джексонды “Поп музыканың королі” деп атап кеткен.Қазіргі таңдағы жастардың сүйікті жанрларының бірі деп білемін.
Музыканың бір сарынды болмайтынына мен қуанамын.Себебі,бар адам өз жаны қалағанын тыңдап көңілін көтеріп,сергітіп алады емес пе?