В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
makhovak007
makhovak007
22.01.2020 20:12 •  Қазақ тiлi

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.
Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі – жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті.

1-тапсырма. Сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеңіз.

Өнер туындыларының иесін кім деп атаған?
А) ұста
Б) шебер
В) ғалым
2. Дәстүрлі қолөнер түрі қандай?
А) көрпе тігу
Б) кілем тоқу
В) киіз басу
3. Киізді түсті етіп басқан?
А) қара немесе ақ
Б) қара немесе көк
В) ақ немесе қызыл​

Показать ответ
Ответ:
magic0000
magic0000
25.06.2020 23:36
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
прояна
прояна
27.04.2022 23:29

Адамның ең асыл қасиеті – жақсылық. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті.

Қазақта "Адам болып келген соң, адам болып кету қиын" деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады. Көмекке зәру адамға көмек берген дұрыс. Өзімзге де біреу жақсылық жасаса риза болып жақсылығын ұмытпау керек!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота