Қолқанат сәкен шаруаға ұқыпты болды. үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. ағайынды жетеуміз. сәкен бәрімізден үлкен. жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. біз оянып, далаға шыққанда, сәкен есік алдында жүреді. ол бізді қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз рахима, халима, сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. содан кейін барып, өзі жуынады. біздің күндегі әдетіміз – осы. қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз. “айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып: - қолқанатым менің! - дейді. 1. «қолқанат» сөзінің аудармасын табыңыз. а) крыло ә) подручный б) в) поддержка 2. сәкеннің мінезіне лайық сөздерді табыңыз. а) суық, өткір, қатал, сараң ә) тапқыр, ақылды, пысық, елгезек б) бауырмал, қамқоршы, мейірімді, ұқыпты в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор 3. мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз. а) жаман туыстан жақсы таныс артық. ә) ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. б)өле жегенше, ағайынмен бөле же. в) үйің жаман болса, күйің жаман. 4. мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз. а) әрқашан таза жүруің керек. ә) өзіңнен кішілерге қамқоршы болуың керек. б) тек өзіңді ойлауың керек. в) ағайындарға көмектеспеуің керек. 5. мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған? а) қонайжайлылық ә) кеңдік б) ақкөңілділік в) бауырмалдық
1-в) 2-б)3-ә ) 4-ә) 5-в)