В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
misha515
misha515
19.11.2020 10:19 •  Қазақ тiлi

Окылым -тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша жоспар құр.

Со жылы кездескен адамдардың ішінде, менің сәбилік есiмде апам да, жез дем де, басқалар да сакталмаған. Тек қана елесі сақталған жалғыз aAam-Ca- ятшы Ораз. Кейін ол адамның тұр-тұлғасын, кескін-кейпін айкын танып, қызыға карап жүрдім.

Орта бойлы, кең мандайлы, аркасынан асынған шиті мылтығы туспейтін адам еді - ол... Оның үш мергендігі елдің есінде ерекше сақталған. Бір жазда, ел жайлау да отырғанда той болады. Тойға жиналған жұрт аспанның биiгiне шығып ап, бір бозторғайды куып журген тұрымтайды көреді. Тұрымтай бозторғайды әлденеше рет шалып, іле алмайды, тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді. Аздан кейін бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні күшейе бастағанын көреді жұрт. «Апырай, енді шалады-ау бейшараны!..>> деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде жиынның арасынан мылтықтың даусы гүрс ете калады. Со кезде торғайды. iлгелi жүрген биіктегі тұрымтай төмен карай кулдырай кулайды.

Жұрт: «Не болды бұған ? -Aen таңданса, тұрымтайды атып түсірген

Ораз екен!

Сәбит Мұқановтан составить план

Показать ответ
Ответ:
Bublick08
Bublick08
07.03.2023 14:21
Ақтау қаласының өмірге келу тарихы туралыАқтау қаласының өмірге келу тарихы XX ғасырдың 40 жылдарының аяғы, 50-жылдарының басында екінші дүние жүзілік соғыстағы одақтас елдер – КСРО мен Америка Құрама Штаттары жанталаса атом қаруымен қарулана бастаған қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі саяси жағдаймен тығыз байланысты.Қысқа мерзім ішінде КСРО-ның сенімді ядролық қорғанысын құру мәселесі уран рудасына деген қажеттілікті алға тартты.1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің «Уран өндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, КСРО Ғылым Академиясы жанынан атом ядросының арнайы зертханасын ашу міндеттелді, барлық геологиялық ұйымдар радиоактивті рудаларды іздеуге жұмылдырылды.КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы геология мәселелері жөніндегі Комитеттің алдына Орта Азия, Казақстан, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан уран кен-орындарын іздеуді ұйымдастыру міндетін қойды. Осы жылдың мамырында министрліктер мен ведомстволардың геологиялық басқармаларында арнайы топтар, партиялар мен отрядтар құрылып, алдымен тау жыныстарының, кендерінің коллекцияларына тексеру жұмыстары басталады.1945 жылдан бастап атом энергиясын игеру кең ауқымда жүргізіле бастаса да, елді табиғи уранмен қамтамасыз ету шешілмеген мәселенің бірі болып қала берді. И. В. Курчатовпен қатар кеңестік атом жобасының басты жетекшілерінің бірі ретінде КСРО орта машина жасау министрі Е. П. Славский «… алғашқы реакторға елде бар уран кенінің қоры түгелге жуық салынды. Реактордың әрі қарай жұмыс жасауы үшін қажетті уран тапшы еді…»,- деп еске алады. Осы уақытқа қарай КСРО-да бірнеше радиоактивті кен орындары белгілі бола тұра, олардың бәрі уран қорының аздығына байланысты атом өнеркәсібінің шикізаттық негізі бола алмады. Осындай жағдайда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1945 жылдың қазан айында радиоактивті шикізатты іздеу, барлау мақсатында өндірісті шоғырландыру және мамандандыру туралы қаулы қабылдап, барлық күшті атом өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдыруға шақырды. Осы қаулымен мемлекеттік геология комитетінің құрамында алғашқы Бас геологиялық барлау басқармасы құрылып, 1946 жылдың сәуіріне қарай бүкіл ел территориясында геологиялық барлау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын 270 арнайы далалық геологиялық партияларды құру жоспарланды.«Уран» стратегиясы 1946-1947 жж. алғашқы нәтижесін бере бастады: уран кен орындары орналасқан бірнеше жаңа аудандар анықталды.Алғашқылардың бірі болып, 1950-жылдары Маңғышлақта Меловое мүйісінде бірнеше жаңа уран кен орындары ашылды, оларды ашушылар қатарында – Л. Н. Скосырев, Н. М. Шармин, Ю. Н. Тереховтар болды.Е.П.Славский «…уран рудасы мұнда аса бай болмаса да, кешенді. Уранды осы жерден байыту оған деген аса мұқтаждықтан ғана туындады. Бұл – шөл далада жаңа қала салудың алғы шарты болды…»,- деп бірнеше жылдар өткен соң ғана қаланың салыну тарихының бір құпиясын ашады.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
rminichkina
rminichkina
12.02.2022 02:46

Алтын күз.

Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота