ОКЫЛЫМ 6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнындағы ақпараттардың
маңызын талда. Негізгі және қосымша ақпаратты тап.
Адамзат үшін тілдің маңызы ерекше. Бұл тек катынас
құралы ғана емес, әр адамның өмір сүруі үшін ауадай қажет
байлығы.
Жақында Жапония ғалымдарының Токио қаласындағы
перзентханалардың бірінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүр-
гізілген. Сонда үш ұлттың жаңа туған нәрестелеріне бір тәжірибе
жасаған. Сәбилердің тыңдау қабілеттерін тексеру үшін жылаған
кезде басқа тілдерде сөйлеп, жұбату сөздерін айтқан. Сәби жы-
лауын тоқтатпаған. Ал олардың әрбірінің ана тілінде сөйлеген
кезде нәрестелер жылауын сап тыйып, үнсіз қалған. Халқымыз
бала тәрбиесі ананың құрсағында болған сәттен басталады деп бе-
кер айтпаған екен. Анасы өз тілін білмейтін балада да ана тіліне
деген мұқтаждық болады екен. Бірақ адам өсе, есейе келе оған
мән бермеуі мүмкін. Әйтсе де өмірдің соңғы белесі қарттыққа
аяқ басқан шақта туған тілде сөйлеуге қажеттілік қайта оянады.
Бұл - ғылыми дәлелі бар шындық.
(Нурлан Әмзебайұлы Жумабаев)
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.