В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Морго11
Морго11
19.09.2021 10:34 •  Қазақ тiлi

 оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Ескерту: 1-3 тапсырма бір жауапты тест тапсырмалары, 4-6 тапсырма бірнеше жауапты тест тапсырмалары 1- мәтін
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін. 2020 жылға қарай әлем бойынша еңбек нарығында 40 млн жоғары білімді маманға қажеттілік болады деген болжам бар. Дегенмен ірі мемлекеттердің тұрғындарында «Білім алған саламыз сұранысқа сай болмай қалмай ма?» деген күдік пен үрей басым екен. «Pew Research Center» жүргізген зерттеу нәтижесіне сенсек, америкалықтардың 87 пайызы жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қосымша білім алуға дайын екендіктерін айтыпты. Сонымен қатар аталған баяндамада сарапшылардың 48 пайызы болашақта робот техникасының дамуы салдарынан жұмыс орындары азаятынын айтқан. Олардың айтуынша, бір робот мың адамның орнын басып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі төмендеуі мүмкін. 2015 жылы Оксфорд университетінің ба Ричард Сасскинд пен Дэниель Сасскиндтің «Мамандықтар болашағы» («The Future of the Professions») атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі мамандықтарды екі түрлі өзгеріс күтіп тұрғаны айтылған. Біріншіден, жаңа технологиялар дәстүрлі жұмыс түрін жеңілдетуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емделушімен «Skype» арқылы байланысады, сәулетші дизайн жасау үшін компьютерлік бағдарламаларды қолданады. Екіншіден, технологиялар кез келген салада проблемаларды шешудің тиімді тәсіліне айналады. Мысалы, жоғарыда айтылған медициналық онлайн диагностикалау маманының жұмысын жеңілдетсе, кейбір жаңа технологиялар кесірінен қызметкерлер жұмысынан айырылуы мүмкін. Билл Гейтстің айтуынша, алдағы 20 жылда қазіргі мамандықтардың көпшілігі автоматты бағдарламалармен жабдықталып, біліктілігі төмен қызметкерлер бәсекеге ілесе алмай қалуы мүмкін.
2- мәтін
Жануарлар ғарышта болған алғашқы тірі жан иелері болды. Алғашында ғалымдар а ғарышта ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде өмір сүре алмайды деп ойлады. Сондықтан да салмақсыздықтың тірі жаратылысқа әсерін тексеру үшін олар алдымен жануарларды ғарышқа аттандырды. 1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген. 2. Маймылдардан басқа ғарышқа тасбақа, мысық, және ит ұшырылған. 3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген. Иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6 кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышқа сапары сәтті болған. 4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай болғандықтан, ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда ғарыш кемесінде салмақсыздық байқалып, ит ыстықтан өлген. 5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам барады деген тұжырым жасалған.
1. Бірінші мәтін мазмұнына лайықты тақырып [1]
A) Әр мемлекеттегі мамандықтар
B) Автоматты бағдарламалы мамандықтар
C) Робот мамандықтар
D) Болашақта пайда болатын мамандықтар
E) Медициналық мамандықтар
2. 2- мәтіннің мазмұнын ашатын даналық ой [1]
A) Оқыған қатарынан озар
B) Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім
C) Білмеген кісі қауып айтады
D) Ғылым – жанып тұрған шырақ
E) Білгеннің соңынан қалма

Показать ответ
Ответ:
никита3343
никита3343
21.01.2021 08:16

1В)Автоматты бағдарламалы мамандықтар      2D)Ғылым-жанып тұрған шырақ

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота