Оқылыу Төменд 11. Мақалды табыңыз. A) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды. B) Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. C) Ғылым таппай мақтанба. D) Жазда мен ауылға бардым E) Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тіленбей. 12. Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңдер көмект жатыр атам с шақыі ысты 21. A) зат есім B) сын есім C) етістік D) есімдік E) сан есім 13. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз. A) Манайда. B) Клубтан. C) Мектептің. A)t: B) D) Көркемөнер. E)Доппен C) 14. Түбір сөзді табыңыз. Д) E) A) Ақтау. B) Гүл. 22 A C) Орманшы. D) Қосымша. B C E) Бөлгіш. 15. Туынды сын есімді атаңыз. A) Ақылды B) Қара. C) Биік. D) Таза. E) Kip 16. Заттын, кұбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы A)сан есім; B)етістік; C) одагай; D) сын есім E) затесім 17. Синонимдерді табыныз A) Нист, жүрек B) Отан, туған жер C) Бұтақ, гүл D) Данышпан, кеме E) Қызыл, жасыл 18. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз. A) білімді B) теледидар C) айтар D)кұстар E)көпшіл 19. Күрделі сөзді табыныз. A) жаз B) қалам C) адамгершілік D) жиырма алты E)білімді 20. Нақ осы шақты табыныз. A) Жаңбыр тоқтады B) Қар жауып тұр C) Жапырақтар құрады D)Айдар ертең келіп қалар E)Ауланы таңертең тазартамыз
или
Шығарма
Халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.
Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Мысалы,би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Асқар таудай әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.
Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы."Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап,мәңгі қастерлейік!