В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
ksenyarobulet
ksenyarobulet
16.05.2022 08:14 •  Қазақ тiлi

оқылым

Кейде ғұмыр кірпік ұшында тұрады.

Көзіңді ашып-жұмғанша... Мәселені сағаттар емес, минуттар емес, секундтар шешетін уақыт болады.

Бала Тоқтар Теміртауға келгенде, Қарағандыдағы аэроклубқа жазылып, кеудесіне ұшқыш болсам деген үмітті армандаған. Алғаш жасы жетпегендіктен парашютшілер секциясына жазғанда, аэродинамика дегеннің не екенін ең алғаш білгенде, парашюттің қалай қалықтайтынын тұңғыш сезінгенде адам өмірінің кірпік ұшына байланған нәрсе екенін аңғарып үлгермеген де болар.

Адамның жаны мұрнының ұшына келетін кез. Ойпыр-ай, әлгі МИГ-29 ұшағын шторм уақытында крейсер палубасына қондырған ерлігі ерен болған екен. Теңіз дауылы тұрғанда корабльдер желге қаңбақтай ұйытқып кетер еді. Шторм кезінде қатты толқын пайда болады. Бұл, әрине, мұхит толқынынан шағындау болғанымен, зардабы ауыр болды.

Тоқтар Әубәкіров сондай сұрапыл теңіз дауылы ышқынып тұрған шақта дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты кеме үстіне қондырып үлгерген ғаламат ерлік жасаған. Әдеттегі сынақ ұшуы деп есептелгенімен осындай күрделі жағдайда ұшақты кеме үстіне қондыру таза жүрек жұтқандық қой!

Судың толқындарының салмағына ұшақтың салмағы келіп қосылғанда 80 мың тоннаға тең келерлік жойқын жүктен кеме шайқалғаны сондай: қауырсын секілді шырқ айнала жөнелген ғой. Тоқтар қорқып үлгермеген. Қорқыныш, үрейлену сезімі ұшақ қонған соң барып келсе керек. Япыр-ау, мен мұнда қалай тап болдым, бұған қонып нем бар? – деген ой ең соңынан келгенде қыр арқасын қара тер басқан...

Гиннесстің рекордтар кітабына кірген ерлігін де осы ұшақпен жасады.

1. Мәтінде Т. Әубәкіровтың қандай ерлігі сипатталады?

А. әскер бастаған

В. манаптарды бағындырған

С. ұшақты кеме үстіне қондыру

Д. бәйгеден озып шыққан

2. Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңыз.

а. Ғұмыр -

б. Үрейлену -

3. Мәтіннен 3 тұрақты сөз тіркесін теріп жазыңыз.





4. Ұшқыштың ерлігіне баға беріңіз. 2-3 сөйлем жазыңыз.



Жазылым

Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз.

1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш

Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т.Әубәкіровпен кездестіңіз. Сізбен болған

сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді.

Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз.

Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді

орынды қолданыңыз.

Нұсқаулық:

Кіріспе жазу: журналистің алдына қойған мақсаты;

Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу;

Редакциялау: сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды

екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру.

2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі жарқын сәттерін баяндайды. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. «Мәңгілік ел» идеясы бізді ұлы

мақсаттарға жетелейді. Мақсатқа жетудің жолында ойыңызды дамыта отырып, «Мәңгілік ел – менің елім» тақырыбында мақала жазыңыз.

Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.

Показать ответ
Ответ:
basik100grn
basik100grn
19.07.2020 07:16

Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.Тілдің атқаратын міндеттері тілдін адамзат коғамындағы рөлімен және тіл бірліктерінін бір тобынын екінші бір тобына бағыныштылығымен, оған сәйкесіп отыруымен (мысалы, аффикстер мен түбір сөздердін ара катынасында) аныкталады.

Тілдін коммуникативтік кызметі, ягни, "адам коғамынын аса манызды куралы" болуы және

когнитивтік кызметі, яғни "ойлаудынтікелей шындығын" білдіруі - тілдін функцияларынын екі негізгі базасы болып табылады.

Бүған сезім мен эмоцияны білдіруші күрал ретінде тілдің эмоционалдык кызметін және тілдін өзін зерттеу объектісі ететін метатілдік кызметін косуға болады.

Тілдін функцияларынын базалык түрлері бірін-бірі толыктырып, сөйлеу үстінде немесе мәтіндерде әр түрлі дәрежеде көрініп отырады. Тілдін функцияларынын коммуникативтік түріне тілдін

фативті (байланыс орнату),

конативті (меңгеру, үғыну),

волюнтативті (әрекет ету) және

үлттык сана мен мәдени дәстүрді, халык тарихын т. б. сактап жеткізетін кызметтері кіреді.

Тілдін функцияларын аныктауға 20 ғ.-да көңіл бөлінді. Оған дейін "функция" сөзі тіл бірліктерінін синтаксистік (мысaлы, бастауышгын кызметі, толыктауыштын кызметі), морфологиялык (мысалы, формалардын кызметі) кызметін ғана білдіріп, герминдік мәнде жүмсалмады. Кейін ол форма мен күрылымнын мағынасын түсіндіретін мәнде колданыла бастады. "Прага тіл үйірмесінін тезистерінде" (1929) тілдін функционалды жүйе екені аныкталып, сөйлеу кызметінін карым- катынастык және поэтикалык деп аталатын екі функниясы көрсетілді. 20 ғ. 70—80 жж.

Тілдін функцияларын тіл жүйесі мен күрылымында жүзеге асыратын аппаратпен байланыстыруға әрекет жасалды. Ю. С. Степанов семиотикалык гіринниптер негізінде Тілдін функцияларынын: номинативтік, синтаксистік, прагматикалык деп аталатын үш түрін аныктады. Бұлар жалпы семиотикада тілдін жан-жакты касиетін білдіретін үш саласына:

семантикаға — номинация,

синтактикаға — предикация,

прагматикага — локация (белгілі бір объект білдіретін сигналдардын кеңістіктегі калпын, орнын аныктау) сәйкес келеді.

Сөйлеу тілінін, функционалдык стильдердің, мәтін лин- гвистикасынын т. б. ерекшеліктерін және тілдін кызмет ету аясынын кенеюін зерттеуге байланысты Тілдін функциялары проблемаларына кызығушылык артуда.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
drxayala1
drxayala1
10.06.2021 16:50

Қатыстық сын есімдер: сабырлы, ашулы, ақылды, күшті, қалалық, ізетті.

Сапалық сын есім: Момын, ашық, қатты, жақсы, жаман, әдемі.

Объяснение:

Заттың сын-сипатын басқа сөз табыныың (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысы арқылы білдіретін сын есім - қатыстық сын есім.

Мысалы: Темірдей (тәртіп), сусыз (жер)

Негізі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім - сапалық сын есім.

Мысалы: жасыл (ағаш), ыстық (нан)

Ең бастысы, сөз түбіріне назар аудару қажет

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота