ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жаз.
Қажетті сөздер: біркелкі, тәуелділігі, зиянын, рухсыздану, адамшылық, жар-
ты, құндылықтарды ескермеу, сын көзбен, адасқан.
1. Адамзат арасында интернет желісін пайдалану ... емес. 2. Күн өткен сайын
адамзаттың интернетке ... артып барады. 3. Интернетті шектеусіз пайдалану адам-
ға ... да тигізуде. 4. М. Шаханов өз өлеңінде адамдардың ... баяндайды. 5. Ақын
жоғалып бара жатқанын, «компьютербасты жарты адамдардың» көбейіп бара жат-
қанын айтады. 6. Рухсыз адамды ақын дұрыс жолдан ... адам ретінде сипаттайды.
7. Оларды ... адамға теңейді. 8. Адами ... үлкен апатқа апарады. 9. Ақын осы проб-
лемаларға ... қарайды. 10. Рухсыз адамды ақын дұрыс жолдан ... , ... адамға теңейді,
шұғыл тосқауыл қою керектігін айтады.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі.Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақынның«Мұңайма»,«Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»деген өлеңдері бар. Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп,шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.