ОҚЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма. «Желаяқ» ойыны. Сынып топқа бөлінеді. Топ санына қарай «Астана Опера» туралы мәтін ілінеді. Топ мүшелері кезекпен тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған сөйлемін тобы- на келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша жалғасады. Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа мәтін салыстырылады. Мәтінді тез әрі дұрыс құраған топ жеңіске жетед
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.