Оқылым. Жазылым 5-тапсырма Мәтінді оқы, орыс тіліне аударып,дәптерге жаз.
Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні
Наурыз - жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледі, жаңа күн басталады.
22 наурыз — бүкіл шығыс халықтарының мерекесі. Оны қазақ халқы ертеден тойлап
келеді.
Қазақтар Наурыз мейрамын «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды. Ұлыс — амекен»,
жаймақдегенді білдіретін көне түркі сөзі. Ұлыстың ұлы күні дегенде «бүкіл аймақтың
барлық елдің қуанатын, тойлайтын күні» деген мағына берген. Яғни, «сол елге ортаң ең
қасиетті мейрам» дегенді білдіреді.
Қазақ халқында бұл мейрамды тойлаудың ертеден қалыптасқан дәстүр бар. Ең алды-
мен, адамдар өз отбасыларыңда Наурыз таңын қарсы алады. Бір-біріне жақсы тілектерін
айтады. Үйдегі үлкен кісілер жастарға бата береді. Ренжіскен адамдар Наурызда бір-бірі-
нен кешірім сұрап, татуласады.
Бұл күні дастарқанға әртүрлі ұлттық тағамдар қояды. Солардың ең бастысы
наурызкөже. Наурызкөжені жеті түрлі тағамнан пісіреді. Одан бүкіл ауыл адамдары
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.
Алла барлық құстарға:
-Бір күн рұқсат берем. Өздеріңе ыңғайлы қоныс тауып алыңдар. Сол жерге ұя салып, тіршілік етіңдер,-деп әмір береді.
Бүркіт асқар тауды ұнатып, қияға ұя салды. Қызғыш судың ішіне жайғасты. Шағала теңізді, үйрек көлді, бозторғай жазық даланы ұнатты. Қарлығаш Ыбырайым пайғамбардың шарапатынан адамның шаңырағынан жай алды. Ымырт уйірілгенше құстар өздеріне ұя таңдап, жайғасып үлгерді.
Көкек қана сайды еңіс, тауды биік, суды суық деп кірпиязданып жүріп алды. Алланың үкімі екеу болмайды. Кесімді мерзім жетеді. Ұлық Алла құстардың таңдаған қоныстарын өздеріне жайлы мекен етіп берді. Кірпияз көкек ұясыз қалады. Әліге дейін өзіне тиесілі ұя-жайы жоқ. Содан бастап жұмыртқасын басқа құстың ұясына салуға мәжбүр екен.
Объяснение: