В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
настя7208
настя7208
16.08.2022 12:20 •  Қазақ тiлi

Оқылым Тапсырма
1. Мәтінді оқып, олардың тақырыбы мен құрылымын салыстырыңыз. [5]
А мәтіні
Достығымыз әлемге әйгілі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр.
Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр.
Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз.

Ә мәтіні
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

Мәтіндер не туралы?
1. А мәтіні
2. Ә мәтіні
Мәтіндердің құрылымдық бөліктерге ажыратып, тақырып ұсын.
1.Кіріспе не туралы?
2.Негізгі бөлім неше абзацтан тұрады және не туралы айтылады?
3.Қорытынды ой қандай сөйлемдерден тұрады?
4.Мәтінге қандай тақырып (ат) қоюға болады?
А мәтіні
Ә мәтіні
2. Әр мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастыр.
А мәтіні
1.
2.
Ә мәтіні
1.
2.

Показать ответ
Ответ:
kristinannm17
kristinannm17
02.11.2022 01:11

1) Толағай батыр

2) Анасы-Айсұлу, Əкесі-Саржан

3) Тауды Толағай көтеріп келді. Себебі Толағай және халық тұрған жерде жауын көп болмады. Адамдар сусыз өмір сүре алмады және өсіріп келе жатқан жемістері қурай бастады және малдар қырыла бастады.

4) Халық жауын болмаған үшін, ал тау

Толағай таудың астында қалып қалды, халықта және Толағайдың анасы жылайды. Шыдай алмаған таудың да көзінең бұлақ ағады.

5) Толағай - батыр, ержүрек. Халқы үшін Тауды алып келді. Ал өзі таудың астында қалып қойды. Сол себепті сол тауды "Толағай" деп қойды

0,0(0 оценок)
Ответ:
Qmpzaslk
Qmpzaslk
28.07.2020 05:07

Әлемде ғажайып көп. Бірақ бәріне танымал жеті ғажайып бар. 2007жылы әлемнің ғажайыптары жаңартылған болатын және олар: Колизей, Ұлы қытай қорғаны, Мачу-Пикчу, Петра, Тадж-Махал, Құтқарушы Иса пайғамбардың мүсіні, Чичен-Ица. Бұл ғажайыптар әлем бойынша ғана және біздің Қазақстан секілді басқа мемлекеттерде өздерінің ғажайыптары ретінде қабылданатын ғажайыптары бар деп ойлаймын. Бірақ қазіргі уақытта біз ғажайыптарды туристер ретінде барып көре алмаймыз себебі кәзіргі кезде әлем бойынша жаман індетпен ауырған адамдардың саны көбейіп келеді және де біз оның жұқпауына көмектескіміз келсе ғажайыптарды көруден уақытша бас тартуымыз керек!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота