ОҚЫЛЫМ. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Бірақ кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, мен бұдан да әсем болар едім. Арқамда ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қорқып кетеді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. (127 сөз)
тапсырмасы кайда соны айт потом ответ берем