Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. 1948 жылы әлемде алғаш рет «Табиғатты қорғау одағы» құрылды. Бұл одақ Жер бетінен жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Ол «Қызыл кітап» деп аталды. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
«Қазақстанның Қызыл кітабы» алғаш рет 1978 жылы шықты. Онда тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге тіркелген жануардың суреті, Қазақстан аумағында таралу картасы, ол туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Олардың 58-і «Қызыл кітапқа» тіркелген. Оларды адамдар көп аулайды, сол себепті азайып барады. Қазір олар қорғауға алынған. Ал өсімдіктердің 307 түрі кірген. «Қызыл кітапқа» қазақ жеріндегі барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр және т.б. аңдар мен құстар да тіркелген. (100сөз)
1 сурак
Ә) 1948 жыл
2 сұрақ
В) 1978 жылы