В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
bvoznyk69
bvoznyk69
18.01.2021 02:34 •  Қазақ тiлi

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Көне Отырар
Көне Отырар екі мың жыл өмір сүрген, Арыс өзенінің оң жақ жиегіндегі екі жүз гектар территорияда орын алған қала. Көне дәуірлерден бұл жерлерде қаңлы, қоңырат тағы басқа тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрған, сондықтан, өзіне басқалардың назары көп түскен.
Мықты қорғанысы бар Отырар бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылы монғол басқыншыларына берілмей, қаланы алты ай қорғаған кезде, қолды басқарған батыр -хан Қайырхан еді. Отырарлықтарды алты айдан кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған, қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала елу жылдан кейін ғана қайта өмірге келді, бірақ, ол талай рет тағдырдың қаталдығына ұшырайды.

1.Көне Отырар неше жыл өмір сүрген?
А) 1000
В) 2000
С) 5000
D) 1500 [1]

2.Көшпелі қазақтар...
А)саудамен айналысқан.
В) оқу оқыған.
С) жорыққа шыққан. D) су тасымалдаған.
[1]
3.Қолды басқарган хан есімі?
А) Қайырхан.
В) Батырхан.
С) Абылайхан
D) Манголхан. [1]

4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.

4. көшпенді қазақтар,шұғылданған,арқылы, ,Отырар қаласы, саудамен ,көне.
[1]
5. Жолдарының ,сауда ,Отырар қаласы,ортасында ,орналасқан.

[1]

Жазылым
Болымды, болымсыз етістіктерді қолдана отырып, «Кітапхана» тақырыбына диалог құрап жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
foma199999
foma199999
31.12.2021 19:22
- Киіз үй кімнің баспанасы?
- Киіз үй қазақ халқының, ата-бабаларымыздың баспанасы
- Ол неге ыңғайлы?
- Ол көшіп қонуға ыңғайлы.
- Жазда киіз үйдің ауасы қандай?
- Жазда киіз үйдің ауасы салқын болады.
- Қыста киіз үйдің сыртың немен жапқан?
- Қыста киіз үйдің сыртын киізбен жапқан
- Киіз үй неден қорғайды?
- Киіз үй желден, ыстықтан, суықтан қорғайды.
- Киіз үйдің негізгі бөліктері?
- Киіз үйдің негізгі бөліктері: Кереге,уық, шаңырақ.
- Қазақтың киіз үйі неше қанатты болып бөлінеді?
- Қазақтың киіз үйі 18 қанатты болады, яғни 18 керегесі бар
- Қазір киіз үйлер бар ма?<br>
- Қазір киіз үйлер бар, тек қана мерекеге қойылады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
gaydukov130
gaydukov130
31.01.2021 06:27

Шығарма

Алмастай өткір сұңғыла жырлар.

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті бүгінгі күнгі деңгейіне бірден жете қоймаған еді.Сан тарихи жылдарды артқа тастап,халықпен бірге нәубетті бастан кешіріп қазіргі ұрпаққа,бізге,жеткен еді.Біздің қазақ әдебиеті қоры бай әрі сан салалы.Оның ішінде жыраулар поэзиясының алар орны ерекше.

Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, қыр-сырлары әлі күнге толық айқындалып болмаған қызықты да күрделі құбылыс.Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар.Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Оның өріс алған кезеңі он бесінші ғасырдың тұсында.Жыраулардың өр рухты жырлары бізге негізінен ауыздан-ауызға тарап жеткен екен.Ал оның өкілдеріне Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған,Доспамбет,Шалкиіз,Жиімбет,Марқасқа,Ақтамберді,Тәтіқара,Үмбетей,Бұқар және тағы да басқа жырауларды жатқызамыз.Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған жыраулар – жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері боп табылады.Әр жырау өзінше ерекшеленді.Әртүрлі тақырыпты жырласа да,тек шындықты айтты.Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретін­де тану жөн.Абылай ханның қасында кеңесші болған,өр тұлғалы Бұқар жырау:

Ай, заман - ай, заман - ай, 

Түсті мынау тұман - ай.

Істің бәрі күмән -ай.

Баспақ, тана жиылып

Фәни болған заман - ай.

Құл - құтандар жиылып,

Құда болған заман - ай,-деп өз заманының бейнесін бейнелеп,шындығын айқындатқан еді.Өлеңнен сол заманның бұзылғандығын ұғынамыз.Ал өз кезегінде қайсар батыр бола білген Ақтамберді жырау:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жалынды жүрек қан қайнап,

Елді-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап!-деп жаугершілік заманды,осылайша талай батыр елі үшін жанын пида еткендігін жырымен жеткізген еді.

Жыраулар поэзиясы – сол кезде халыққа рух берген қайсар жырлар поэзиясы.Жыраулар поэзиясынан Отанды сүюге,ел-жұрттың қамын ойлауға,қайсар да шыншыл болуға, адамгершілікке үйренеміз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота