В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
lera933737
lera933737
19.05.2021 20:55 •  Қазақ тiлi

Оқылым "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы - отбасыңызбен, балаларыңызбен келіп алаңсыз демалыс құруға таптырмас мекен. Мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар. Еуразияның жүрегінен орын тепкен елордамыз Астана қаласының сол жағалауында орналасқан әлемдік сәулет өнерінің кестесінен орын алып үлгерген тамаша өнер туындысы - "Хан шатыр" ойын-сауық орталығы. Нысан 2010 жылы шілде айының алтыншы жұлдызында ашылған болатын. Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия жерінде есімі дүние кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр. 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар теңдесі жоқ болып табылады, олардың кейбірі әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет қолданылды. Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады. Тропикалық су бағы мен алыс Мальдив аралдарынан арнайы әкелінген жұмсақ құм төселген керемет жағажай - орталықтың ең қызықты орындарының бірі. Хауыздардың бірінде орналасқан жасанды толқын әсерлі көрініс береді. Осы жерде жылдың кез-келген мезгілінде тура Жерорта теңізінде демалып жатқандай сезімге бөленіп, рахат алуға болады.

1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым Шын Жалған
А Климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестірмейсің.
В Ғимараттың құрылысы кезінде пайдаланылған көптеген технологиялар мен материалдар күнделікті өмірде қолданылады.
С Нысан 2010 жылы шілде айының алтыншы жұлдызында ашылған.


2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. жұмсақ (антоним) - мекен (синоним) -

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3)
Мәтіндегі ақпараттар Реті
Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгі болмақ.
"Хан шатыр" ойын-сауық орталығы - отбасыңызбен, балаларыңызбен келіп алаңсыз демалыс құруға таптырмас мекен.
Нысан 2010 жылы шілде айының алтыншы жұлдызында ашылған болатын.

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.
"Хан шатыр" ойын-сауық орталығының ең қызықты орындарының бірі?

Показать ответ
Ответ:

Объяснение:

1 не верный второй тоже не верный третий верный и четвёртый верный

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота