В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
lokys01twin
lokys01twin
25.11.2020 15:57 •  Қазақ тiлi

Оқылым.Айтылым. Мәтінді түсініп оқы. Негізгі және қосымша ақпаратты анықта Қазақ жері неткен көркем , неткен бай ! Елі алып , жері ұлан - ғайыр . Қазақстанның картасын қараңдаршы : оның алып , ұлан - ғайыр екені не көз жеткізесің . Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең . Қазақстан шекарасының ұзындығы 15000 километр . Тіпті Қазақ жерінің шығысынан батысына қарай Күн үш сағат өтеді екен . Осындай алып жер ге шикізат пен қазба байлықтарды қос ! Қазақстан шикізат , қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді . Қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады : қорғасын , вольфрам қоры бойынша 1 - орын , күміс пен мырыш қоры бойынша 2 - орын , марганец қоры бойынша 3 - орын , мыс қоры бойынша 4 - орын , уран қоры бойынша 5 - орын , алтын қоры бойынша 6 - орын , темір кені бойынша 7 - орын , жанғыш көмір , газ қоры бойынша 9 - орын , мұнай қоры бойынша 13 - орын . Бұл байлық . Орталық Қазақстанда көмір , жез , қорғасын , мырыш , құмтас өндіріледі . Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен . Солтүстікте алтын , темір ; Шығыста қорғасын , мырыш ; оңтүстікте қорғасын ; оңтүстік , шығыс , солтүстікте мәрмәр кенорындары бар . Батыста , Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна , су астын да 4,5 миллиард тонна мұнай жатыр . Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар . Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған . Міне , Қазақ даласы — осындай ! - Ғаламат и я на все задание поставлю 5 звезд

Показать ответ
Ответ:
пмпсасрчвчврсв
пмпсасрчвчврсв
09.08.2022 10:43

Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Ал, осы екі қас қасиет те бір басына сыйып, бағына біткен қазақ елінің асылы,ақберен ақыны-Махамбет Өтгемісұлы.

Объяснение:

:)..

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alinok99
Alinok99
09.08.2022 10:43

Ұлттық киім - асыл мұра.

Ұлттық киім - бай тарихи, мәдени мұра. Қазақ халқының  киімі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі:  қазақ халқының табиғат  төсінде өсіп,  еркін ғұмыр кешуімен байланысты.

Қазақ халқы қай заманда болмасын бас киімге ерекше мән беріп, аса құрметпен қараған. Оған дәлел ретінде «бас киімді лақтырмау, аяқпен теппеу», «бас киімді басқа кісіге бермеу» секілді ырымдар мен тыйымдар күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқында бас киім баршылықты білдіретін болғандықтан, оны оны жерге лақтырса, бақ таяды, бақ кемиді деп сенген. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан. Бас киімді әрқашанда жоғары көтеріп, төріне ілген.

Күні бүгінге дейін сақталған ұлттық киімнің бір үлгісі сәукелеге тоқатала кетейік.

Сәукелені алар болсақ, сәукеле - ұзатылған  қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағылады. Ол үкі тіл – көзден, арам пиғылдан сақтайды деген сенім болған. Әдетте, сәукеле түгелдей қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады.

Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің  озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота