В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
vadimmatus
vadimmatus
06.10.2021 14:46 •  Қазақ тiлi

ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. 1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта. 2. «Қазақтар көшпелі
өмір сүрді», «Қазақтар отырықшы өмір үлгісін жасады» деген екі көз-
қарасқа қатысты пікіріңді айт.
Қазақ халқы көшпенді болып, ешқашан өзге елдің жеріне барған жоқ. Ұлы
даланың ұрпақтары ата-бабасынан қалған байтақ жерде өмір сүрді. Қазақтар
табиғат ерекшелігіне қарай бір жерде қыстап, екінші жерді жазғы жайылым
өзіне тиесілі, кіндік қаны тамған туған жерінде өмір сүрді.
етті. Қыста қыстауға, жазда жайлауға, күзде күзеуге көшті. Қазақтың әр руы
Ұлы дала ұрпақтары отырықшы өмірдің де үлгісін жасады. Моңғол
шапқыншылығына дейін Ұлы далада Отырар қаласы салтанат құрды. Отырар
қаласы ежелгі Дешті Қыпшақ заманында мәдениеті дамыған орталық болды.
Медреселер ашылып, Ұлы Жібек жолы арқылы сауда-саттық дамыды. Сол
жерде ғұлама Әл-Фараби дүниеге келгені тарихтан аян. Атақты Отырар кітап-
ханасы Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде жойылған.
ЫП,
,
Қазақтар көшпелі өмір сүрді.
Менің пікірім: ...
Қазақтар отырықшы өмірдің
үлгісін жасады. Менің пікірім:​

Показать ответ
Ответ:
Никита27031
Никита27031
02.05.2020 12:22

Туған жерге тағзым.

Жоспар.

Кіріспе.

Туған жерім –киелі мекенім.

Негізгі бөлім.

А) Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елім

Ә) Отан оттан да ыстық.

Қорытынды.

Атамекенді ардақтау.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Отан оттан да ыстық» екені баршамызға мәлім. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.

Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.

Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей  ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
so9a
so9a
18.01.2022 01:11
Әлемде адамдардан өзге тіршілік иелеріне қатысты дүниелер ғалымдарды ұзақ уақыт бойы мазалап келеді. Мамандардың болжамы бойынша, жат планеталықтар галактикасында өмір сүруі мүмкін. Ол Тауыс шоқжұлдызында орналасқан.

Ғалымдар жылдар бойы ғарыш кеңістігін зерттеп келеді. Олардың пайымдауынша, барлық құпия осы аталған жұлдыздардың шоғырлануында. Ол өмірдің ілгерілеуіне келеді. Көптеген сипаттама Құс жолымен ұқсас және осыдан аталмыш теория шығады.

Зерттеушілер қандай да бір егжей-тегжейлі сараптама немесе зерттеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Сондықтан біз болашақта көкейтесті ақпарат ала алмауымыз мүмкін.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота