Оқылым 2-тапсырма Мәтінді түсініпоқы. Тапсырмалардыорында. 1 «Аватардың тілін білетін Арман Күн жексенбі болатын. Ауладағы алаңқайда балаларымды ойнатып жүр едім, қасыма мектеп жасындағы бір балақай жүгіріп келді. Тани кеттім. Көрші үйде тұратын Арман екен. Арман биыл 5-сыныпта оқып жүр. Өзі бір кісі алдынан қия етпейтін тәрбиелі бала. Көрген жерде құрақ ұшып амандасатыны бар. Арман маған әдеттегідей қос қолын ұсынды. Бірақ амандасқаны сол еді, қалтасындағы ұялы телефоны «әңдеті» қоя берді. Балақай анадайға барып, ұзақ сөйлесті. Сөз арасында шүлдірлеп бірдеңелерді айтып қояды. Ақырын құлақ түрсем, бұрын-соңды естімеген бейтаныс тіл. «Бұл бала қай тілде шүлдірлеп отыр!?» -деп аң-таң болдым. Ақыры шыдамы таусылды. Сөйлесіп болып, телефонын қалтасына сүңгіте бергенде, Арманды қасыма шақырдым. -Қане, айта қойшы. Жаңа қай тілде сөйледің? -Нави тілінде, - деді Арман. —Нави? Ол қай тіл? Қай ұлттың тілі? – дедім таңданысымды жасыра алмай. Арман тақ ете қалды. — «Аватар» фильмі ндегі Пандора ғаламшары тұрғындарының тілі ғой. — А-а-а..Солай ма? – дедім де, артынан ойланып қалдым. «Аватардың» фантастикалық фильм екені есіме сап ете түсті. Бір сәттік аңғалдығыма іштей күлкім келді. Бірақ оны Арманға сездіргім келмеді.
Кіріспе - Арман мен көршісі
Негізгі бөлім - Пандора ғаламшарының Нави тілі
Қортынды - Көршісінің таңқалуы