Оқылым 12-тапсырма.
-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар.
Диаграмманы толтырыңдар.
Сақтар мен сарматтардың өнерінде аң
стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болған.
Б.з.б. VII — VI ғасырларда шыққан аң стилінде
жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан,
Сібір, Оңтүстік-шығыс Еуропа аумағында
табылды. Көшпелілер алғашқы боп
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар
мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні
алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу
семсердің орнына қайқы қылышты алғаш
жасаған. Ерлердің шалбарын көшпелілер
өте ерте кезде ойлап тауып, бірінші болып
киген. Алғашқы боп алтын киім киген,
алғашқы боп ат әбзелдерін алтынмен аптап,
күміспен күптеген. Алғаш рет тағы жылқыны
қолға үйреткен.
Ұшақтың ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды, арты арнайы құрылғылармен (бөліктермен) жабдықталады. Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары орналастырылатын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидроұшақта фюзеляж рөлін қайық атқарады. Тік тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын тұрақтандырғыштан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Тік тіректе қозғалмайтын бөлік — киль және қозғалмалы бағыты — рулі бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардың тіректері тұтасымен бұралатын, яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады. Ұшақтың алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп аталады. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады. Күш қондырғысы тарту күшін тудырады. Ол бірнеше қозғалтқыш кешенінен тұрады. Тарту күшін піспекті қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса газ реакциясы, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газ реакциясы, яғни реактивтік күш тудырады.
Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады.
Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннан да қымбат.Туған жерге аралған ақын-жазушылардың көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.