В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
krasio
krasio
21.01.2020 16:19 •  Қазақ тiлi

Оқылым 1- тапсырма

Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.

[5]

А мәтіні

Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйлесімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жаратылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік экология, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал – Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі – құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жобасы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат – біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы.

Ә мәтіні

Халқымыздың ұлттық қасиеттерінің бірі іштартқан адамын, жақын жұрағаттарын саяттыққа алып шығу болса, енді бір ерекшелігі жақсы көріп, ұнатқан адамын аққу, бұлбұл, сандуғаш, самұрық, тоты сияқты құстарға немесе ақмарал, ақбөкен секілді дала аңдарына теңеуі дер едік. Бұл – бүгіннің ғана емес, жүздеген жылдың жемісі. Әрі ертеңгі күннің де қадірменді еншісі болмақ. Небір таңғажайып ертегілер мен батырлар жырында, орақ ауыз, от тілімен халықты аузына қаратқан ақындарымыздың өлең-жыр, қисса-дастандарында осынау табиғат базары – аң-құстың атауын соншама мол кездестіресіз. Адамның өзі табиғаттың жемісі болса, адам мен аң-құс арасында сырт көзге болжана бермейтін үйірлік, қимас достық бар. Өткен ғасырларда қазақ сахарасын құлан, жолбарыс, жабайы жылқы, жабайы түйе мекендеген деп естиміз. Ал қазір республиканың қай түкпірінен де құлан мен жолбарысты баяғыдай кездестіре алмайсыз. Жоңғар Алатауындағы бұғы, таутеке, арқар, түлкі, Іле, Балқаш және Арал теңізі қамысы арасындағы топ-тобымен жортып жүретін жолбарыс, Орал жағындағы үйір-үйір жабайы жылқылар; Алтай қойнауындағы сабылысып, бүкіл тауға сыймай жүретін маралдар; Барсакелместегі құландар, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Баян тау, Ұлытау, Үстірт, Маңғыстау маңындағы тастан-тасқа секіріп, қойдай өріп жүретін қисапсыз арқар, таутекелер қайда бұл күндері? Оны қоя тұрғанда түлкі, қоян, еліктің азайып кетуі неден? Біздің қолымызда бұлтартпайтын бір факт бар. Ол – аң-құстың азайып бара жатқандығы. Иә, мүлдем азайып барады.

А мәтіні Ә мәтіні

Тақырыбы

Қандай стильде жазылған?

Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?

Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?

Жазылым

2-тапсырма

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.

[10]

1. Қазақ тілі сабағында алған ақпараттар бойынша «Қазақстанның Қызыл кітабы» тақырыбында ақпараттық мақала құрастырып жазыңыз.

2. «Қазақстан – табиғи байлықтың бай қоры. Біздің табиғатымызды қорғау, жер қойнауын қорғау – қасиетті іс. Ғылым мен еңбек – біздің басты күшіміз. Бейбітшілік! Ол еркін еңбектің, шығармашылық пен жасампаздықтың бақытын түсінген, қайта түлеп туған қазақ халқы үшін қымбат әрі жақын сөз» - деген Қаныш Сәтбаевтың сөзін негізге ала отырып, «Қазақстан – табиғи байлықтың бай қоры»тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.

3. «Отбасындағы тәрбие – жасөспірім үшін заң» тақырыбында мектепішілік газетке

мақала жазыңыз.

кымде бар жауабы бар болса берындершшш

Показать ответ
Ответ:
шалабам
шалабам
24.11.2021 14:12

Қазіргі кездегі автокөлік түрлері.

Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,жарыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ogeg
Ogeg
24.11.2021 14:12

ответ:Қазіргі кездегі автокөлік түрлері.

Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,жарыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота