Оқылым 1.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Құмырсқа мен қоңыз бір сыныпта оқиды. Құмырсқа жа
оқиды. Ал қоңыздың үлгерімі нашар. Бір күні ол құмырсқад
•Сен барлық сабақтан жақсы баға аласың? Оның сыры неде
деп сұрады.
•Оның сыры уақыт кестесінде, - деді құмырсқа.
•Уақыт кестесі деген не? - деп таң қалды қоңыз.
•Ол уақытты дұрыс бөлу - деді құмырсқа.
Қоңыз да өзінің уақыт кестесін жасады. Бірақ оның көп бөлі
ойынға бөлді.
Құмырсқа неліктен жақсы оқыды?
Қоңыз уақытын неге бөлд
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.