Оқылым . 1-мәтін
Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан Көксерек қайта ойнайды.
2-мәтін
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын әңгімеден ұғынғандаймыз.
1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ?
А) Тазыны асырап алу
В) Қараадыр қасқыры
С) Ауылдың аңыз-әңгімесі
Д) Қасқырлардың қырылуы
2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз.
а. тойынып -
б. жабайы -
3-4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толтырыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
Түрі, жанры
Стилі Тілі
5. Сұраққа жауап беріңіз. Егер сіз автор болсаңыз, әңгіме мазмұнына қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
Жазылым . Бұл бөлімде 2 сұрақтың біреуіне жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, соңында қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін (•) қойыңыз.
1. Табиғатқа, жануарларға, құстарға адам қолынан қастандықтар көптеп жасалуда деген пікір айтылады. Бұған кім кінәлі? Осы көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқындап, эссе жазыңыз.
2. Халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бала – өте нәзік те сезімтал а қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты етіп тәрбиелеуге болады? Өз позицияңызды ұстанып, аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
Стиль түрлері (виды стилей)
1. Ғылыми стиль (научный стиль)
Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.(применяется в научных трудах,лекциях)
Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. (дать общие понятия вещей и явлений) Дәлелді, зерттелген тура мағынада алу. (доказан, исследован, смысл понятен)
Ғылыми термин-дерді қолдану, хабарлы сөйлемде қолданылады.
(использование научных терми-нов, повествова-тельных предлож)
2. Ресми іс- қағаздар стилі (официально-деловой стиль)
3. Публицистика- лық стиль (публицистический стиль)
Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады(использ. в деловых бумагах, инструктив-ных письмах, документах) Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. (применяется в газетах-журналах, собраниях, СМИ)
Хабарлау, анық мәлімет беру. (объявлять, давать конкретную информац.) Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аудару. (влиять на общественность, привлекать их внимание к явлениям, событиям) Ресми, анық, дәл. (официаль-ность, точность)Шақыру, үндеу, нақтылық. (призывать, точность)
Кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, терминдер.(книжные и официаль-ные слова и сочетания, повествова-тельные предложения, термины)
4. Көркем әдебиет стилі(стиль худож. литературы)
Көркем шығармаларда қолданылады.(применяется в художествен- ной литературе)Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. (описание явлений и событий)Образды, эмоционалды, экспресивті.(Образное, эмоциональное,экспрессивное)
Ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдерін, суреттеме құралдарын пайдалану /теңеу,мета-фора,эпитет, метонимия синекдоха т.б./(использование переносных значений, худо-жественных методов, /сравнение-метафора т.д/
5. Ауызекі сөйлеу стилі(разговор- ный стиль)
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады (применяется при общении) Қатынас жасау.(для общения)
Сөздер мен сөз тіркес-терін еркін қолдану. (свободное использова-ние слов и сочетаний)Қарапайым сөздерді еркін қолдану, сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.(свободное использова-ние слов, частое использова-ние вопросит. восклицат. предложен.построение диалога)
1.Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері
2.3 Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
4.20 жасында Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы "Еңлік-Кебекті" жазды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі – "Түнгі сарын".
5.
6.Абай әжесінің ертегілерін тыңдап өскен. Әжесі өте мейірімді , кең пейілді жан болған.
7. Анасы ақкөніл , мейірімді
8.Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған.