В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Ксения1802
Ксения1802
04.04.2022 21:35 •  Қазақ тiлi

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтайды, өз сөзінде қолданады, шынайы өмірмен байланыстырады. 1. мәтінді оқып шығыңыз. мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап, мазмұндауда қолданыңыз. ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы , дәлелдеңіз. 2. өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. сөйлеу барысында етістіктің етіс түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін қолданыңыз. [10] 1-мәтін әзиз тастанбеков, профессор, қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресінің жанашыры: – көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. біз де әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. күреспен кезден айналыстық. еркін күрестен де, классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен, осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. баяғыда ел ішінде жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. иә, қазақ күресі қақпайды көп көрді. ертеректе, оңтүстік қазақстан облысында, жетісайда қазақ күресіне жанашыр ағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. соған ел ауыл- ауылдан ағылып келетін еді. ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. енді сол бірталай теперішке түскен қазақ күресінің бағын ислам әбішев пен мына серік інілеріміз бастаған азаматтар ашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. елім, халқым деген осынау еңбектері адал жігіттер аман болсын. енді қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр. ол күннің келетініне де кәміл сенемін… 2-мәтін қазақстандық спортшылар ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан v азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. бүгін спортшылар ел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды. жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. әйелдер арасында 60 метрге жүгіруде виктория зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, ольга сафронова қола медаль жеңіп алды. сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз елена микина алдына жан салмады. елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. ал ерлер арасындағы бәсекеде михаил литвин үшінші орынды қанағат тұтты. бұған дейін ольга рыпакова мен мария овчинникова әйелдер арасында үш қарғып секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын. белбеу күресінен сынға түскен ерсұлтан мұзаппаров және перизат жақыпбекова күмісті, дидар сәтбаев қола медальді жеңіп алды. сондай-ақ, джиу-джитсудан 55 кг салмақта өнер көрсеткен галина дуалова қола медальға қол жеткізді. сонымен, азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, қазақстан 3- орында. ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы ответы

Показать ответ
Ответ:
Д91
Д91
04.05.2022 03:26

Батыр Баян -Мағжан Жұмабаевтын поэмасынын кейіпкері.Бұл поэмада Батыр Баян өте өжет ,батыл адам ретінде суреттелген.Батыр Баяннын бойындагы ең басты қасиеті Отанына,еліне деген сүйіспеншілігі.Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой.Онын намысҡойлылыгы поэмада кеңінен суреттелген.Ол Отаны үшін оз інісі Ноянды өлтіруге дейін барды .Ал Ноян қалмақ қызынын артынан еріп өз еліне сатқындық жасады.Бұл сатқындыққа шыдамаған Батыр Баян қалмақ қызын да ,інісі Ноянды да өлтіреді.Осыдан ак Баяннын намысшылдығын жане еліне деген махаббатын коруге болады.Ол Абылай ханнын қолбасшысы жане сенімді батыры. Ол қазақ халкынын ак туын устаган батыр .Поэманын сонында Батыр Баян шайқаста қаза табады.Оны ар ұяты жібермеді.Сөйтіп ол көп өкінді.Өкініштін кесірінен ол шайкаста өлуге бел байлайды.Бұл поэманын маңыздылығы оте зор..Ең бастысы ойланып ,шешім қабылдау .Қазақта «Жеті рет өлшеп ,бір рет кес » деген нақыл сөз бар ғой .Міне сондықтан да шешім қабылдамас бұрын ойлану қажет.

Қосымша мəлімет:

Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасын өлеңмен жазған. Қысқаша мазмұны мынау: Абылайхан бір жаққа жаугершілікке аттанбақ боп қол жияды да, аттанбай жатып алады. Көп жатып жалыққан Абылайдың батырлары Абылайға кісі салса, Абылай Баян батырсыз аттанбаймыз деген қысқаша жауапты айтады. Баян батырдың кешігу себебі былай шығады. Ол бір жорықта қалмақтан бір жас сұлу қыз алып қайтады. Қызға көңілі ауады. Бірақ жасы жас болғандықтан тимейді. Қыз Баянды ағасындай көріп еркелеп жүреді.

Баянның Ноян дейтін 15-16-дағы інісі болады. Осы Ноян қызға ғашық болады. Бір күні бір сайда қыз бен Ноян кез кеп, Ноян қызға сырын айтқаннан кейін, қыз: мен саған тиейін, бірақ мені Баян əкетерде шешем, ел бетін бір көрмей ерге шықпа деп еді. Елге алып бар, содан кейін тиейін дейді. Ноян осы сөзге ереді де екеуі сол түні екі атқа мініп қашады. Бұл кеңес таңертең Баянға жетеді. Ашуланған Баян атына мінеді де, Жолды өзек деген жерге қуып жетіп, жалынғанына қарамай екеуін де өлтіреді. Екі жасты өлтіріп болғасын өз ісіне өкініп, біраз жылайды да, екеуін көміп, тартып отырып Абылайға барады. Кешіккен себебі осы боп шығады.

Баян келе Абылай қолын аттандырады. Бұғыбай бастаған қалың қол шөлді өрлеп отырып Балқаш көліне келеді. Осы арада жиналып жатқан қалмақты ұшыратады. Абылайды қапылыста шабамын деген қалмақ күтпеген жерден мынаны көргесін Абылайға айыбын берейін, татуласайық деп кісі салады. Абылай бұл сөзді қабыл алғанда, Баян татуласуға қарсы болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
t9003451896Temach
t9003451896Temach
07.08.2022 05:16

Қыпшақ Сейітқұл Маманұлы (18 ғасырдың 70-жылдары, Сыр бойы — 19 ғасырдың 30-жылдары, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарабидайық мекені) — есімі аңызға айналған егінші. Орта жүздегі бес таңбалы қыпшақтың торы бірлестігінен тарайтын жеті арыс қитаба руынан шыққан. Сыр бойындағы иеліктері егін шаруашылығына тарлық ете бастаған соң Торғай өңіріне келіп, Қабырға өзені бойындағы Қарақоға деген жерге тұрақтаған. Өзен жағалауына шығыр орнатып, аяқ егін, атпа егін әдістерін пайдаланып, өзеннен арықтар тартып, бөгендер салып, суармалы егіншілікті қолға алған. Диқанның бұл еңбегі жемісті болып, 5 — 6 жылдың ішінде алғаш келіп қоныстанған 12 үй 400-ге жеткен. Қыпшақ Сейітқұлдың аса шығымды ақ тарысының тұқымы кейін бүкіл Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қарқаралы өңірлеріне тарады. Диқанның барымташылардан сақтану үшін тұрғызған дуалы мен су тартқан арықтарының қалдықтары Көкалаат, Қызылоба, Қарақоға деген алқаптарда әлі күнге дейін сақталған. Қыпшақ Сейітқұл асқан шебер, сөзге шешен адам болған. Мұраптың егіншілік дәстүрін халық арасына кең таратып, насихаттау үшін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Қыпшақ Сейітқұл” деген әңгіме жазып, оқулығына енгізген.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота