Оқшау сөздердің түрлеріне байланысты көркем әдебиеттен үш сөйлем жазу. 1.Қаратпа сөз.
2.Қыстырма сөз.
3.Одағай сөз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.
Мұғалім: Толеубаева Самал Жақсылыққызы
Астана қаласы Білім басқармасы «№ 66 мектеп-лицей» мемллекеттік мекемесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды оқыған повесть бойынша мазмұнын меңгере отыра, кейіпкерге мінездеме беруге, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Әр баланың сезіміне ерік бере отырып, іздену, хат жазу, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау, шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, сұрақ-жауап, ой шақыру, салыстыру, шығармашылық жұмыс.
Қолданылатын көрінекіліктер: Интерактивті псевдоголографиялық тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа және Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба.
Сабақтың барысы
І.Қызығушылықты ояту: Сергіту сәті «Сезмді ояту»
ІІ.Мағынаны тану:
1. Бұл қай сәт?
2. Ой тастау
3. Іздену
4. Салыстыру
ІІІ.Ой толғаныс:
1. Тест
2. Ой толғау. Шығармашылық жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ынталандыру, кітап, дәптер, қажетті құрал-жабдықтарын дайындату, бағалау парағын тарату.
Кіріспе сөз: Өткен сабағымызда Бердібек Соқпақбаевтың балалардың мектеп өмірімен тығыз байланысты «Менің атым-Қожа» атты повесін оқыған болатынбыз. Негізінен автор 8 жасынан шешесінен айырылып жетім қалады. Балалық шағы колхоздастырудың алғашқы қиын жолдарында өткенін біз білеміз. Кейін шығармашылықпен айналысып, көптеген еңбектерін бізге мұра етті. Соның бірі-«Менің атым- Қожа» повесі. 1963 жылы бұл шығарма желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» Абдолла Қарсақбаевтың алғашқы көркем фильмі еді. Бұл туынды сол кезде 37 жаста болған режиссерді әлемге танытты. 1967 жылы Францияның атақты Канн халықаралық фестивалінде режиссерлік шеберлігі үшін бас жүлдені жеңіп алды. Бұл қазақ киносының сол кездегі үлкен жетістігі болды.
І.Қызығушылықты ояту: Сергіту сәті «Сезмді ояту»
Схема фонетического разбора слова
Орфографическая запись слова.
Деление слова на слоги и место ударения.
Возможность переноса.
Фонетическая транскрипция слова.
Характеристика всех звуков по порядку (мягкость звука обозначается апострофом ([_’]):
(буква) — звук [ ] — согласный, звонкий/глухой/сонорный (парный/непарный), твёрдый/мягкий (парный/непарный);
(буква) — звук [ ] — гласный, ударный/безударный.
(буква) — не имеет звука [-]
Количество звуков и букв.
Случаи несоответствия звука букве.
(про такого ақына нету информации)