. «Оқшау сөздер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары.
1.Қазақ тілінде оқшау сөздер нешеге бөлінетіндігін анықтаңыз.
а.1 д.4
в.2 е.5
с.3
2.Оқшау сөз.
а.үстеу д.шырай
в.шылау е.етістік
с.қыстырма
3.Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қойылатын тыныс белгісі.
а.нүкте д.үтір
в.нүктелі үтір е.дефис
с.қос нүкте
4.Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, үтір қойылатын орын.
а.алдынан д.қатар
в.соңынан е.қойылмайды
с.екі жағынан
5.Қаратпа сөз тұрған сөйлем.
а.Тыңда, дала, Жамбылды!
в.Айтқаны қолынан келсе игі еді.
с.Шіркін, ақын болсаң осындай бол.
д.Әрине, оның айтқаны дұрыс.
е.Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
6.Қаратпа сөзді табыңыз.
а.Әрине, қиындықтар кездеседі.
в.Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді.
с.Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
д.Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.
е.Мыңдаған жыл бұрын қазақ хандығы құрылды.
7.Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлем.
а.Ой, әттеген-ай, айырылып қалды-ау.
в.Әрине, айта беріңіз, ата.
с.Қарсы алатын апам жоқ.
д.Жә, тоқтат.
е.Тәйт, тый жасыңды.
8.Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлем.
а.Айналайын, жиен-ай, тура қарашы.
в.Қарағым-ай, тұршы тезірек.
с.Ой, байғұс, бала-ай! .
д.Тәңірі сұлулықтың – ақын Сара! .
е.Бәлкім, кім біледі, сенің айтқаның болып қалар.
9.Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлем.
а.Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.
в.Шынында да, халіміз онша мәз емес.
с.Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
д.Толғаулы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
е.Айналайын, балам-ау, тура қарашы.
10.Қыстырма сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.
а.қос нүкте д.сызықша
в.леп белгісі е.үтір
с.нүктелі үтір
11.Қыстырма сөзді табыңыз.
а.қажеттілік д.қашу
в.қалам е.сірә
с.Марат
12.Қыстырма сөзді табыңыз.
а.алақай д.ойбай
в.бәлкім е.кітап
с.Абылай
13.Междометие сөзінің қазақша аудармасы.
а.үстеу д.шылау
в.есімдік е.етістік
с.одағай
14.Одағай қандай сөздер табына жататынын анықтаңыз.
а.еліктеу сөз д.антоним сөз
в.шылау сөз е.оқшау сөз
с.синоним сөз
15.Одағай сөздің құрамына қарай бөлінуін анықтаңыз.
а.негізгі, туынды д.дара, күрделі
в.еліктеуіш е.жалаң, жайылма
с.бейнелеуіш
16.Дара одағайды табыңыз.
а.мәссаған д.жаракімалла
в.шөре-шөре е.бәрекелді
с.тек, уһ
17.Одағай тұлғасына қарай түрлерге бөлінуі.
а.дара, күрделі д.жалқы, күрделі
в.негізгі, туынды е.жайылма, жай
с.жалпы, дара
18.Одағай сөзді табыңыз.
а.Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.
в.Әке, мына кітапты оқыңызшы.
с.Әттеген-ай, атын сұрамаппын ғой.
д.Мұратбек, мынаны қарай тұр.
е.Ол әуелі сылқ-сылқ күліп алды.
19.Дефис арқылы жазылатын одағай.
а.оһ д.шік
в.қап е.көс көс
с.тәйт
20.Дефис қойылуы тиіс одағай сөз.
а.ойбай ай д.әттең
в.пәлі ойбай е.шіркін
с.ойбай пәлі
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. Салт-дәстүрлік, тұрмыстық және тарихи әндермен қоса, ірі эпикалық поэмалар да ақынның өзі таңдаған әуенмен домбыра арқылы орындалған. Қазақ фольклорындағы әуеннің ролі осы күй - аңыздарда ерекше байқалады, ол оқиға мен сезімді жеткізу құралы ретінде қолданып, сюжеттік сипатты береді. Әдетте, домбырада, сыбызғыда немесе қобызда күйші (әуенді шығарушы немесе ойнаушы) орындалатын күйдің мазмұнын қысқаша баяндайды да, оны дәстүрлі: “ал, енді мұны домбырадан тыңдаңдар”, - деген сөз тіркесімен аяқтайды. Авторы беймәлім “Бозторғай” атты ежелгі күй-аңызда өз балапандарын жыланнан қорғап, жанын қоярға жер таба алмайтын бозторғай туралы әңгімеленеді. Әуендік пьеса домбыра даусымен бозторғайдың қорқынышы мен жан арпалысын, балапандардың бәйкүнә дауыстарын, ана-бозторғайдың ұяны жыланнан қорғауға тырысып, аластау жолындағы қанаттарының қағысын домбыра даусымен береді, күй бозторғайдың балапандарын құтқару үшін жылан аузына түскен өлім алдындағы шарасыздығымен аяқталады. Мұнан да күрделі мазмұнды күй - аңыз “Көбік - шашқан” деп аталады. Оны XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты атақты күйші Құрманғазы өмірге әкелген. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді. Мұндай музыкалық шығармалар авторларына тек композитор ретінде бір жақты қарауға болмайды. Олардың әрқайсысы осы әуенге сәйкес аңыз-әңгіме де шығарады. Мысалы, авторы беймәлім “Қара жорға” күй – аңызында Абылайханның қазақ – қырғыз ұрысында қалмақтардан тартып алған жүйрік ат туралы тамаша әңгімесі бар. Сондай-ақ “Ақсақ Құлан, Жошы хан” күй – аңызының ерекшелігі бар. Жошы хан аңға кеткен баласы қайтпаған соң, хабар беруді талап етеді. Бірақ, ханның жалғыз ұлын өлді деп хабарлауға батылы барған кісінің көмейіне балқытылған қорғасын құятындығын мәлімдейді. Хан қаћарынан қорыққан қарт күйші оның өлімін күй арқылы жеткізеді. Жошы хан қобыз үнінен баласын ақсақ құлан өлтіргенін біледі. Өз сөзінде тұру үшін сонша қайғы- қасіретті жеткізген қобыз шанағына қорғасын құюды бұйырады. Сондықтан, қорғасынмен күйген қобыздың жоғарғы жағы ашық күйінде қалды, - дейді аңыз. Саймақтың “Сары-өзен” күйі де жан – дүниені ерекше баурайды. Қалмақ тұтқынынан қалмақ қызымен қашып шыққан Саймақ туған аулының орнын сипап қалады, өз қайғы – мұңын сыбызғымен білдіреді. Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз-әңгімесімен әдіптеледі. Мысалы, “Кісен ашқан” күйі оның патша түрмесінен қашқандығы туралы баяндаса, “Лаушкин” тұтқында болған кезінде орыс қызы Лавочкинаның өзіне көмектескендігін, оны сүйгендігін әңгімелейді. Күй – аңыздарда қазақ фольклорына тән сипаттамалық белгілемелер араласып келеді. Олар: аң –құс туралы ертегі (“Бозторғай”), тарихи ән (“Көбік шашқан”), жоқтау (“Сары өзен”), және естірту (“Жошы хан”) және т. б. болып келді. Қазақ фольклорының бұл түрінің маңыздылығы сол, есте сақталатын сазды әуенмен қоса бүгінгі күнге дейін айтулы аңыздардың, өткен күндер бейнесі мен оның авторларының атын жеткізгендігінде дейміз. Ән мен сөз өнерін бір жерге тоғыстыру, оны үндестік заңына бағындыру – қазақ өнерінің тарихи жолындағы аса сирек құбылыс ретінде бағаланады.
Объяснение: