В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Злая4Пташка4
Злая4Пташка4
06.11.2021 22:39 •  Қазақ тiлi

. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі Өлеңді оқып, көтерілген мәселені анықта.

Мәтін

қазақтың қолөнер туындыларын табу қиын

қазақтың ұлттық киімдерін құрметтемеу

жастардың салт-дәстүрлерді білмеуі

Показать ответ
Ответ:
24051999z
24051999z
28.04.2023 16:54

Туған жерге тағзым.

Жоспар.

І Қасиетті мекен.

ІІ Туған жер үшін қызмет ету – әркімнің парызы.

ІІІ Сүйікті Отаным – Қазақстан.

Әр адамның өмірінде туған жердің алар орны зор.Себебі,ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты,алғашқы қадамдарын басты,білім алды,ер жетті,азамат атанды.Халқымыз:"Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей,оның әр тау-тасы,өзен-көлі мен ну-тоғайы жаныңа ең жақын,ең ыстық.Расында,сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген.Ал енді біреулері, керісінше,туған жерін тастап шет елге асыға кетеді.Осындай кезде "Өз үйім - өлең төсегім" дегенді ұмытпау керек.Қазыбек би:"Алтын ұяң – Отан қымбат,туып өскен елің қымбат,кіндік кескен жерің қымбат" - деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып,оның тарихын жете білуіміз керек.Ер жеткен соң,туған жердің гүлденуі үшін кішкентай да болсын үлесімізді қосу - біздің ең алғашқы парызымыз.Туған ауылға, жерге көмек көрсету үрдісі бүгінде қанатын кеңге жайып келеді. Әсіресе, бұрын мектеп бітірген жастардың өздерінің 10, 20 жылдық кездесулері кезінде туған ауылдарына, білім алған мектептеріне  материалдық көмек ұсынуы көңілге қуаныш ұялатады.Бүгінмен тоқтап қалмай,ертеңге ұмтылып,Отанымыздың,Қазақстанның дамуына ат салыссақ деймін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
отличница446
отличница446
13.10.2022 04:25

Алтын адам

«Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

«Алтын адам,

Алтын адам...

Адам жоқ!

Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота