Нужно заполнить таблицу,выбрав нужные слова из текста.Текст1:Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: Тоқтар бауырым! - деп майда қоңыр дауысымен бауырына тартып сөз бастайды. - Мен Мені дұрыс түсін, бұл ұшу сен үшін, я бол- маса, мен үшін қажет емес, біздің қазақ халқы үшін керек. Білесің бе, Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі - қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Өзіңді туған сол халықтың арманын орындаудан неге бас тартпақсың, а? Оның үстіне, сен барлық жағынан дайын тұрсың… Керек десе, Кеңес Одағының Батырысың! - дейді. Аталы сөзге тоқтаған қазақ емеспіз бе?! Тоқтар осы сөзге тоқтайды.
текст2:Тбилиси" крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Кеңес ұшағы лып етіп көтеріле ала ма, әлде бұрқ етіп жоқ бола ма деп бүкіл дүниежүзінің мамандары демін ішіне тартып қарап тұрған еді. Тоқтар Әубәкіровке крейсердің қып-қысқа МИГ-29 ұшағын лып еткізіп көкке көтеру міндет болды. Жаңа әдістің ерекшелігі сонда: ұшақ құдды трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, дүр етіп ұша жөнелген кептердей тез көтеріліп кетуі керек. Барлық мәселені секундтар ғана шешеді. Үшақтың моторына байланысты. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. «А» деп ауыз ашқанша, құйрығы қайқаң етіп зеңгір көктен көрінетін дыбыстан жылдам ұшақты сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров сонда зыр-р еткізіп. көтеріп үлгерді. Асқан дәлдікпен аядай жерге ұшақты қайта қондыру да ғаламат ерлік болатын.
Таблица во вложении
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп сырғанайды. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, армансыз ойнап, біраз тынығады.
Жаңа жыл қарсаңында біз тұратын Қарағанды облысының аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жиі жауады.
Осындай қар қалың түскен күндері мен әкем мен ағама қар күреуге көмектесемін. Сонымен қатар ағам екеуміз демалыс күндері отын жарып, келер аптаға дайындап қоямыз.
Қорқыттың ізін жасғастырушы өнерпаз ұрпақтарымен таныса отырып, олардың мұраларын халыққа жеткізу, насихаттауды мақсат тұтамын. Жұмыстың мақсаты: Қорқыт бабамыздан қалған қасиетті қара қобыз ғасырдан - ғасырды жалғап, сазды сарынын үзбей қазақ халқының қуанышы мен қайғысын жеткізіп келеді. Бірде ботасыз нарды идірсе, бірде жан азабын тартқан шерменденің дертіне дауа болады. Қандай күй орындалса да қобыз сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі...
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында өмір сүретін адамдардың денсаулығын қалпына келтірудегі дәрілік өсімдіктердің (бақбақтың) маңызы. Сонымен қатар жас ұрпақтың бойына қоршаған ортаға деген жауапкершілік қатынасын қалыптастыру, өсімдік әлеміне деген қызығушылығын арттыру.
Жұмыстың міндеті:
Қобызға толық сипаттама беру.
Қобызшылардың шығармалары және өмірімен танысу, анықтау.
Күйшілердің еңбектерін насихаттау, эстетикалық және этнографиялық талғамдарын байыту, патриоттық сезімге баулу.
Жұмыстың өзектілігі: Қарағанды облысында кездесетін ескерткіштерімен танысу, баға беріп, өзіндік тұжырым жасауымыз керек. Қобызда ойнауға үйренуге құрдастарым мен сыныптастарымды шақыру.
Негізгі бөлім
Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті - мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне, содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып «өмір күйін» тарта береді. Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді, өлмеймін, өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын, ажал маған жақындай алмайды деп сенеді. Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де, ажал оған Қайрақ - жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді. Бұл аңыз - әңгіме бізге «Қорқыт» күйінің мазмұны арқылы жеткен тарихи шежіре. Аңыз - құдіретті музыка күшімен күңіренген қасиетті қобыз үнімен өлімді де жеңе білген дегенді білдіреді.
Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).